Мазмұнға өту
Жаңалықтар 05.11.2026 74

«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі

«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі

Шәкәрім университетінде Қазақстанның Ядролық қоғамы қауымдастығы дәстүрлі түрде ұйымдастыратын «Зияткерлік формуласы - 2026» («Формула интеллекта - 2026») халықаралық интеллектуалдық ойынының өңірлік кезеңі өтті. Білім додасына Семей қаласындағы мектептер мен колледждердің 18 командасы қатысты.

«Не? Қайда? Қашан?» форматында ұйымдастырылған ойын қатысушылардың жан-жақты білімін, логикалық ойлау қабілетін, топпен жұмыс істеу дағдысын және тың шешім таба білу шеберлігін сынады. Сан алуан тақырыпты қамтыған сұрақтар ойынның тартымдылығын арттырып, сайыс барысында бәсекелестік рух пен командалық бірлік, көтеріңкі көңіл күй айқын сезілді.

Қатысушылар шағын сұхбаттарында ойынға қатысу туралы ұсынысты қызығушылықпен қабылдағандарын, мазмұнды сұрақтар, тың әсерлер мен жарқын эмоциялар күтетіндерін, сондай-ақ жеңіске жетуді мақсат еткендерін жеткізді.

Іс-шараны ұйымдастыруға «Техникалық физика және жылу энергетикасы» кафедрасының еріктілері де белсене атсалысты. Студенттер командаларды тіркеу мен қарсы алуға, қатысушыларды бағыттап, үйлестіруге, ойын алаңдарын әзірлеуге және ұйымдастыру жұмыстарына қолдау көрсетуге жұмылдырылды. Волонтерлік қызмет барысында білім алушылар жауапкершілік пен бастамашылдық танытып, командалық жұмыс және қарым-қатынас жасау дағдыларын шыңдады.

Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Shakarim High School мектебінің «Energy X» командасы;

ІІ орын – Технологиялық колледждің «Интеллект Pro» командасы;

ІІІ орын – №43 жалпы орта білім беретін мектептің «Түрксіб» командасы.

Бірінші және екінші орын иеленген командалар Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды. Онда олар Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь және Ресей командаларымен зияткерлік сайыста бақ сынайды.

«Зияткерлік формуласы» халықаралық ойынының өткізілуі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты – «Сапалы білім беруді» жүзеге асыруға үлес қосады. Атап айтқанда, оқушылар мен студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытуға, ғылым мен техникалық білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Энергетика мен заманауи технологияларға қатысты тақырыптар ТДМ-ның 7-бағыты – «Қолжетімді және таза энергия» мақсатына да сәйкес келеді. Ал университет, мектептер, колледждер мен Қазақстанның Ядролық қоғамы қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық ТДМ-ның 17-бағыты – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» қағидаттарын нығайтады.

Осындай зияткерлік сайыстар жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, командалық мәдениетін қалыптастыруға және болашақ мамандығын ерте бастан бағдарлауына жол ашады.

«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі
«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі
«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі
«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі
«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі
«Зияткерлік формуласы» – білім мен тапқырлық бәсекесі

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру