ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ#
1. Қолданылу саласы
1.1. Осы Ереже «Шәкәрім университеті» КеАҚ Ғылыми-техникалық кеңесінің (бұдан әрі – ҒТК) мәртебесін, мақсаттарын, міндеттерін, функцияларын, қалыптастыру тәртібін және қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
1.2 ҒТК – ғылыми, ғылыми-техникалық, инновациялық және сараптамалық қызметті үйлестіруді жүзеге асыратын, сондай-ақ ғылым мен технологияларды дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлейтін Университеттің консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
1.3. ҒТК мынадай мақсаттарда құрылады:
- Университеттің ғылыми-техникалық саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
- ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау;
- ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің тиімділігін арттыру;
- ғылыми жобалар мен бағдарламаларды қарау және сараптамалық бағалау;
- Университеттің ғылыми әлеуетін дамытуға жәрдемдесу;
- ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру үдерістерін қолдау.
1.4. ҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Университет Жарғысын, Университеттің ішкі нормативтік құжаттарын және осы Ережені басшылыққа алады.
1.5. ҒТК шешімдері ұсынымдық сипатта болады және Университет басшылығының тиісті басқарушылық шешімдері арқылы іске асырылады.
2. Нормативтік сілтемелер
Осы Ереже мыналарға сәйкес әзірленді:
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына;
- Қазақстан Республикасының «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңына;
- Қазақстан Республикасының ғылым, технологиялар және жоғары білім саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілеріне;
- «Шәкәрім университеті» КеАҚ Жарғысына;
- Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің саясаты мен стандарттары
- Университеттің ішкі нормативтік құжаттарына.
3. ҒТК-ның негізгі міндеттері
3.1. ҒТК-ның негізгі міндеттері:
- кешенді ғылыми және инновациялық жобаларды орындау кезінде стратегиялық және ағымдағы мәселелерді қарау, кафедралар мен ғылыми бөлімшелердің жұмысын үйлестіру;
- ғылыми-техникалық қызметтің тиімділігін арттыру бойынша Университет басшылығына ұсынымдар әзірлеу;
- магистранттар мен докторанттардың диссертациялық жұмыстарының тақырыптарын айқындау, базалық кафедралар студенттері мен магистранттарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) тиімділігін бағалау;
- инновациялық қызметтің тиімділігін арттыруға және ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге ықпал ететін ғылыми-техникалық қызметтің басым және перспективалық бағыттарын айқындау;
- қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын (бұдан әрі – ҒЗЖ) іске асыру стратегиясын айқындау және олардың орындалу барысын бақылауды жүзеге асыру;
- ҒЗЖ-ның негізгі тапсырмаларын орындау бойынша орындаушылардың жұмыстарын үйлестіру;
- ғылыми зерттеулердің бағыттарын қалыптастыру, Университеттегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау;
- ҒЗЖ-ның ғылымды дамытудың басым бағыттарына сәйкестігіне сараптама ұйымдастыру және жүргізу;
- жұмыстардың жекелеген кезеңдерін және аяқталған жұмыстарды қабылдауды жүзеге асыру, олардың нәтижелері бойынша ұсынымдар әзірлеу.
4. ҒТК функциялары
4.1. Жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында ҒТК:
- өңірдегі ғылыми-техникалық саясаттың ағымдағы жай-күйін талдайды және осы бағыттар бойынша Университеттің қатысу стратегиясын әзірлейді;
- ғылыми жобаларды қарауды және оларға сараптамалық бағалау жүргізуді ұйымдастырады, Университеттің ғылыми зертханаларын дамыту стратегиясын айқындайды;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың бағыттарын таңдау, жоспарлары мен бағдарламаларын қалыптастыру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
- қаржыландырылуы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылуы қажет ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тізбесін қалыптастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;
- жоспарларға сәйкес орындалған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін қарайды және бағалайды, оларды одан әрі пайдалану бағыттары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
- ҒЗЖ жобаларының авторлары мен орындаушыларын мемлекеттік сыйлықтарға және өзге де жария көтермелеу түрлеріне ұсыну, сондай-ақ олардың еңбегін қоғамдық мойындау бойынша ұсыныстар қалыптастырады;
- ғылыми қызметтің негізгі бағыттарын, аса маңызды ғылыми проблемаларды, басқа ғылыми мекемелермен үйлестіру және шығармашылық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ ғылыми кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға байланысты мәселелерді талқылайды;
- жаңа республикалық және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және қолданыстағы бағдарламаларды іске асыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.
5. ҒТК құрамы
5.1. ҒТК құрамы Университеттің жетекші ғалымдары мен мамандары қатарынан қалыптастырылады.
5.2. ҒТК құрамына кіре алады:
- Басқарма Төрағасы – Ректор;
- проректорлар;
- ғылыми бөлімшелердің басшылары;
- Университеттің жетекші ғалымдары;
- Жас ғалымдар кеңесінің өкілдері;
- білім беру, ғылым, бизнес және өндіріс ұйымдарының өкілдері.
5.3. ҒТК-тің сандық құрамы 9-дан 25 адамға дейін болады.
5.4. ҒТК-тің дербес құрамы Университеттің Басқарма Төрағасы – Ректорының бұйрығымен бекітіледі.
5.5. ҒТК төрағасы мен төраға орынбасары ҒТК-тің бірінші отырысында ҒТК мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы сайланады.
5.6. ҒТК-тің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды.
5.7. ҒТК құрамына кіреді:
- төраға;
- төраға орынбасары;
- хатшы;
- ҒТК мүшелері.
6. ҒТК мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
6.1. ҒТК мүшелерінің құқықтары:
- Университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан ҒТК отырысында қаралатын мәселелер бойынша қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға;
- басшылықтың келісімімен материалдарды дайындауға әртүрлі бөлімшелердің қызметкерлерін тартуға;
- ҒТК қарауына келіп түскен материалдарды қарау және қорытынды беру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберуге;
- жекелеген мәселелер бойынша ҒТК шешімдерінің жобаларын қарау және дайындау жөніндегі тұрақты және уақытша комиссиялардың жұмысына қатысуға;
- ҒТК қарауына жоспарланған материалдарға ғалымдар мен жоғары білікті мамандар қатарынан сарапшыларды тарта отырып, алдын ала сараптама ұйымдастыруға.
6.2. ҒТК мүшелері міндетті:
- ҒТК отырыстарына қатысуға;
- академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға;
- ҒТК шешімдерін орындауға;
- қызметтік ақпараттың құпиялылығын сақтауға.
6.3. ҒТК мүшесі мүдделер қақтығысының бар екендігі туралы мәлімдеуге және тиісті мәселе бойынша дауыс беруге қатыспауға міндетті.
7. ҒТК жұмысын ұйымдастыру
7.1. ҒТК өз қызметін жыл сайынғы жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады. (Қосымша 1).
7.2. ҒТК отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
7.3. Кезектен тыс отырыстар ҒТК төрағасының немесе ҒТК мүшелерінің кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша өткізіледі.
7.4. Отырыстар күндізгі, қашықтан немесе аралас форматта өткізілуі мүмкін.
7.5. ҒТК мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда отырыс заңды деп есептеледі.
7.6. ҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ҒТК отырысына қатысып отырған мүшелердің жалпы санының 2/3 бөлігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Хатшы ҒТК мүшесі болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс бермейді. ҒТК мүшелерінің дауыс беруге шығарылған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда, Хатшы бұл туралы хаттамаға тиісті жазба енгізеді.
7.7. ҒТК шешімі бойынша жасырын дауыс беру өткізілуі мүмкін.
7.8. ҒТК шешімі хаттамамен ресімделеді және оған Төраға, ҒТК мүшелері және Хатшы қол қояды. Хаттамалардың көшірмелері ҒТК мүшелеріне жіберіледі.
8. ҒТК лауазымды тұлғаларының өкілеттіктері
8.1. ҒТК төрағасы:
- ҒТК қызметіне басшылық жасайды;
- отырыстардың күн тәртібін бекітеді;
- отырыстарға төрағалық етеді;
- хаттамаларға және өзге де құжаттарға қол қояды;
- ҒТК шешімдерінің орындалуын бақылайды.
8.2. Төрағаның орынбасары:
- төраға болмаған кезеңде оның міндеттерін атқарады;
- төрағаның жекелеген тапсырмаларын орындайды.
8.3. Хатшы:
- отырыстардың хаттамаларын жүргізеді;
- ҒТК-тің құжат айналымын қамтамасыз етеді;
- материалдар мен шешімдерді ҒТК мүшелеріне жіберуді жүзеге асырады.
2026-2027 оқу жылына арналған ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҚҰРАМЫ #
Төраға: Қалибекқызы Жанар – Басқарма мүшесі – ғылым жөніндегі проректор, биология ғылымдарының кандидаты, профессор.
Хатшы: Қайнарбекова Толғанай Қайнарбекқызы – ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру орталығының жетекші маманы.
Кеңес мүшелері:
1. Какимов Айтбек Калиевич – техника ғылымдарының докторы, Биоинженерлік жүйелер кафедрасының профессоры;
2. Амирханов Кумарбек Жунусбекович – техника ғылымдарының докторы, Тамақ технологиясы кафедрасының профессоры;
3. Дюсембаев Сергазы Турлыбекович – ветеринария ғылымдарының докторы, Ветеринария кафедрасының профессоры;
4. Атантаева Бакыт Жумагазыевна – тарих ғылымдарының докторы, Тарих кафедрасының профессоры;
5. Нургазезова Алмагул Нургазезовна – техника ғылымдарының кандидаты, Тамақ технологиясы кафедрасының профессоры;
6. Евлампиева Елена Петровна – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а., ғылыми-редакциялық бөлімінің басшысы;
7. Койгельдинова Айнур Сембаевна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, Ветеринария кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
8. Кливенко Алексей Николаевич – PhD, қауымдастырылған профессор, «Shakarim Lab» орталығының директоры;
9. Байкадамова Асемгуль Мадениетовна – PhD, қауымдастырылған профессор, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру орталығының басшысы;
10. Жарыкбасов Ерлан Сауыкович – PhD, Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
11. Кожахметова Динара Ошановна – PhD, Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
12. Хасенова Клара Ергешбаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, Экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы;
13. Нурекенова Айгуль Ныгметулловна – биология ғылымдарының кандидаты, Химия және биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
14. Беленко Оксана Геннадьевна – психология ғылымдарының кандидаты, Педагогика және психология кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
15. Аубакирова Карлыгаш Адильхановна – PhD, Қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы;
16. Касымова Асем Аленовна – PhD, қауымдастырылған профессор, Жастар саясаты және корпоративтік мәдениет орталығының басшысы;
17. Сейдина Молдир Зикировна – PhD, Педагогика және психология кафедрасының меңгеруішісі;
18. Дюсекенева Индира Муратовна – PhD, Шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы;
19. Кусаинов Ринат Кенжеевич – инжиниринг орталығының басшысы, Жас ғалымдар кеңесінің Төрағасы;
20. Тұрысбеков Мирам Бауржанұлы – «8D05302 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасының 1 курс докторанты, ДТФ-2601.