Picture background

2025 жылы Erasmus+ бағдарламасы бойынша бірнеше өтінім, сондай-ақ Еуропаның «Мария Склодовская–Кюри» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында бірқатар өтінімдер тапсырылды. Конкурс нәтижелері бойынша Шәкәрім университеті Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде Тәжікстандағы М.В. Ломоносов атындағы ММУ филиалы жетекшілік ететін халықаралық консорциум құрамында жобаға қатысу құқығына ие болды. Сонымен қатар Грекия, Түркия, Румыния және Польша университеттерімен бірлескен халықаралық академиялық ұтқырлық бойынша төрт грант ұтып алды.