Student's science

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы (СҒЗЖ)

 

Мақсаттары мен міндеттері:

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары білімнің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, мамандарды даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып табылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы олардың ғылыми-зерттеу еңбегін орындау дағдыларын қалыптастыруға, шығармашылық бастамасын дамытуға және ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін тәжірибеде қолдану қабілетін арттыруға бағытталған. Бұл қазіргі заманғы маманды зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер) және практик ретінде даярлау талаптарына толық сәйкес келеді.

ҒЗЖ-ға қатысу студенттердің бейіндік пәндерді жақсы меңгеруіне, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік көкжиектерін кеңейтуге ықпал етеді, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпарат ағынында тез және тиімді бағдарлауға үйретеді.

СҒЗЖ негізгі міндеттері:

-   студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне тарту;

-    шығармашылық ойлауды дамыту;

-    пікірлер мен бастамашылықта тәуелсіздікке тәрбиелеу;

-     студенттік ғылыми қоғамның ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру;

-     өзекті ғылыми мәселелерді шешу үшін білім алушылардың зияткерлік әлеуетін пайдалану;

-  жоғары оқу орны жастарының ең қабілетті өкілдері қатарынан ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрлар резервін даярлау;

- студенттің қызығушылығын кафедраның білім-ғылым бағытымен тығыз қарым-қатынасқа бейімдеу, оқытудың бинарлық үдерісінде оқытушы мен оның студенттің шығармашылық байланысын нығайту.