Жетісуда жүлдегер атанды
Жетісу жерінде ұлттық студенттік лиганың Шығыс дивизионы аясындағы волейбол жарысы өтті.
Үш күнге созылған тартысты додада Шығыс дивизионына қарасты жоғары оқу орындарының командалары өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті.
Ерлер арасындағы тартысты ойында Шәкәрім университетінің командасы жүлделі ІІ орынды еншіледі.
Жеке шеберлік бойынша ерлер арасында Әліби Рахымғалиев үздік ойыншы атанса, қыздар арасында Нұрай Еркешова үздік ойыншы ретінде танылды.
Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Студенттік лиганың бұл кезеңі тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар, достық пен ынтымақтастықтың, өзара құрмет пен қолдаудың алаңына айналды.