Мазмұнға өту
Жаңалықтар 07.10.2026 72

Бірінші курс студенттеріне академиялық адалдық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Бірінші курс студенттеріне академиялық адалдық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Shakarim University-дің бірінші курс студенттері үшін «Академиялық адалдық: білім сапасы мен студенттік мәдениетінің негізі» тақырыбында офлайн форматта түсіндіру кездесулері өткізілді.

Кездесулерді Тіркеу офисінің басшысы Айнаш Оспанова, комплаенс қызметінің басшысы Дастан Касенов және Әдеп уәкілі Нәзигүл Газизова ұйымдастырып, жүргізді.

Кездесу барысында студенттерге университеттегі оқу процесін ұйымдастыру тәртібі, білім алушылардың академиялық құқықтары мен міндеттері, ағымдағы және аралық бақылауды өткізу тәртібі, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаттарын сақтау талаптары жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар, плагиатқа жол бермеу, емтихандар кезінде көшіруге тыйым салу, жазбаша және ғылыми жұмыстарды өз бетінше орындау, академиялық этика нормаларын сақтау және академиялық бұзушылықтар үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған түсіндіру жұмыстары студенттердің академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыруға, университеттің академиялық талаптары туралы хабардарлығын арттыруға және бірінші курс студенттерінің оқу үдерісіне бейімделуіне бағытталды.

Бірінші курс студенттеріне академиялық адалдық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Бірінші курс студенттеріне академиялық адалдық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Бірінші курс студенттеріне академиялық адалдық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Бірінші курс студенттеріне академиялық адалдық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру