Мазмұнға өту
Жаңалықтар 24.11.2026 34

Болашақ мамандарға кәсіби бағдар

Болашақ мамандарға кәсіби бағдар

Шәкәрім университетінде бітіруші курс студенттерінің Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара университеттің Құзыреттілікті дамыту және мансап орталығының ұйымдастыруымен өтіп, білім алушыларды департамент қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыруға, кәсіби бағдарын кеңейтуге және мемлекеттік қызметтегі мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат беруге арналды.

Кездесу барысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Асхат Балтабеков студенттерге ведомствоның қызмет ерекшеліктері, негізгі міндеттері мен жұмыс бағыттары туралы айтып берді. Сондай-ақ, сала мамандарына қойылатын кәсіби талаптар, қажетті құзыреттер және қызметке орналасу тәртібі жөнінде түсіндіріп, болашақ мамандар үшін берілетін мүмкіндіктерге тоқталды.

Жүздесу ашық пікір алмасу форматында жалғасып, студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, департамент өкілдерінің жауабына қанықты.

Кездесуге кафедра меңгерушілері де қатысып, білім беру бағдарламалары мен еңбек нарығының талаптары арасындағы байланысты нығайту, түлектердің кәсіби даярлығын жетілдіру мәселелері төңірегінде ой қозғады.

Мұндай іс-шаралардың ұйымдастырылуы білім алушыларға болашақ мамандығының қыр-сырын тереңірек танып, еңбек жолын жоспарлауға мүмкіндік береді.

Болашақ мамандарға кәсіби бағдар
Болашақ мамандарға кәсіби бағдар
Болашақ мамандарға кәсіби бағдар
Болашақ мамандарға кәсіби бағдар

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру