Жас ғалымдарымыз Қытайда өткен халықаралық форумға қатысты
Шәкәрім университетінің жас ғалымдары 12–16 қараша аралығында Қытай Халық Республикасының Шэньси провинциясындағы Янлин қаласында өткен «2026 жылғы Қытай халықаралық таланттар алмасу конференциясының Шэньси сессиясы және XX Янлин халықаралық аграрлық ғылым форумына» (2026 China International Talent Exchange Conference – Shaanxi Session and 20th Yangling International Agri-Science Forum) қатысты.
Форум Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің (Northwest A&F University) базасында ұйымдастырылды.
Аталған іссапар форум ұйымдастырушыларының арнайы шақыруымен, AP32319333 «Микроинкапсуляция технологиясын қолдану арқылы итмұрын негізінде функционалды ақуызды ұнтақты биотехнологиялық әзірлеу» гранттық жобасын іске асыру шеңберінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, шетелдік әріптестермен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және тәжірибе алмасу мақсатында жүзеге асырылды.
Халықаралық ғылыми жиынға әлемнің бірқатар елдерінің жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары қатысты. Олардың қатарында Жаңа Зеландияның Otago University, Австралияның RMIT University, Данияның Aarhus University, Қытайдың Zhejiang University, China Agricultural University, Jiangnan University және Northwest A&F University, сондай-ақ Индонезияның National Research and Innovation Agency өкілдері болды.
Шәкәрім университетінің Мәдина Мұратқызы Джумажанова, Әсемгүл Мәдениетқызы Байқадамова, Айгерім Ерғалиқызы Бепеева, Берік Арыстанбекұлы Идырышев және Әлібек Манарбекұлы Мұратбаев сынды бес жас ғалымы осы ауқымды халықаралық іс-шараға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Форумның көтерген тақырыбы – «Болашақ ауыл шаруашылығы және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі: құрғақ аймақтардағы аграрлық ғылым мен технологиялардың инновациясы және тұрақты даму».
Форум аясындағы «Food Nutrition and Future Food» секциясында тағамтану және болашақ тағам өнімдерінің технологиялары бойынша өзекті ғылыми мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, жасанды интеллект көмегімен тағам өнімдерін жобалау, функционалдық ингредиенттерді әзірлеу, тағамдық талшықтарды қолдану, саңырауқұлақтардың биоактивті компоненттері, тағам өнімдерінің сенсорлық қасиеттері және сүт өнеркәсібіндегі технологиялық инновациялар мәселелері қарастырылды.
Шәкәрім университетінің жас ғалымы Әсемгүл Байқадамова форумның ғылыми бағдарламасына сәйкес баяндама жасап, университеттің ғылыми-зерттеу бағыттарын халықаралық ғылыми қауымдастыққа таныстырды.
Халықаралық сапардың басты маңызы – ғылыми байланыстарды кеңейту, бірлескен зерттеулерге жол ашу.
Мұндай халықаралық кездесулер отандық ғылымның әлеуетін танытуға, шетелдік тәжірибені игеруге, жаңа технологияларды зерттеуге және ғылыми әзірлемелердің практикалық маңызын арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл сапар Шәкәрім университетінің жас ғалымдары үшін халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасу және ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты дамыту бағытындағы маңызды қадам болды.
Ғылымның басты құндылығы – оның нақты нәтижеге айналуы. Ал халықаралық ынтымақтастық – сол нәтижеге жетудің маңызды жолдарының бірі!