Мазмұнға өту
Жаңалықтар 18.11.2026 92

Шәкәрім университеті мен Үлбі металлургиялық зауыты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шәкәрім университеті мен Үлбі металлургиялық зауыты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Шәкәрім университетінде Үлбі металлургиялық зауыты өкілдері бітіруші курс білім алушыларымен кездесті. Іс-шара аясында Шәкәрім университеті мен Үлбі металлургиялық зауыты арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Кездесудің мақсаты – білім алушыларды кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарымен таныстыру, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейту, сондай-ақ, университет пен өндіріс орны арасындағы әріптестік байланысты нығайту.

Қол қойылған меморандум аясында дуалды оқыту жүйесін дамыту, білім алушылардың өндірістік практикадан өтуін ұйымдастыру, тәжірибеге бағдарланған білім беру тәсілдерін жетілдіру және болашақ мамандарды еңбек нарығының талаптарына сәйкес даярлау бағыттары бойынша ынтымақтастық жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, меморандум студенттердің теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастыруға, кәсіпорынның өндірістік базасында кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және жас мамандардың еңбек нарығына бейімделуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.

Іс-шара барысында зауыт өкілдері кәсіпорындағы өндірістік үдерістер, мамандарға қойылатын кәсіби талаптар, бос жұмыс орындары, жұмысқа қабылдау тәртібі, жас мамандарды қолдау шаралары және мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Шәкәрім университеті мен Үлбі металлургиялық зауыты арасындағы ынтымақтастық білім, ғылым және өндіріс интеграциясын нығайтуға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға және түлектердің жұмыспен қамтылу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған.

Аталған меморандум – университет пен өндіріс арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеріп, білім алушылардың кәсіби әлеуетін дамытуға негіз болатын маңызды қадам.

Шәкәрім университеті мен Үлбі металлургиялық зауыты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Шәкәрім университеті мен Үлбі металлургиялық зауыты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Шәкәрім университеті мен Үлбі металлургиялық зауыты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру