Ғылым 14.04.2026 114

Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік

Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік

Шәкәрім университетінде Ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған ғылым онкүндігі өз мәресіне жетіп, мазмұнды кезеңнің қорытындысы шығарылды.

Онкүндік аясында ауқымды ғылыми іс-шаралар легі ұйымдастырылды. Атап айтқанда, 20-ға жуық іс-шара өткізіліп, оның ішінде 3 халықаралық конференция, 2 ғылыми форум, ғылыми көрмелер, ашық дәрістер мен сараптамалық сессиялар қамтылды. Сонымен қатар, екі бірдей жаңа ғылыми нысанның ашылуы университет ғылымының даму қарқынын айқын көрсетті. Жалпы, бұл шараларға 3000-ға жуық адам қатысып, ғылым мен білімнің маңызын тағы бір мәрте айшықтады.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген университет ректоры Думан Орынбеков барша қауымды Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтай отырып: «Биылғы “Ғылым онкүндігі” университетіміздің тек білім ордасы ғана емес, өңірлік экономиканың драйвері екенін тағы да дәлелдеді. «Бүгінгі таңда университетімізде құны 5 млрд теңгеге жуықтайтын 54 гранттық және бағдарламалық-нысаналы жоба жүзеге асуда. Ең қуантарлығы, олардың 70 пайызы нақты қолданбалы сипатқа ие. Ғылымды қаржыландыру көлемі былтырғымен салыстырғанда 1,4 есеге өсіп, 2,3 млрд теңгеге жетті. Зерттеулерге 500-ден астам адам жұмылдырылса, оның 51 пайызы – біздің жас ғалымдарымыз. Бұл – біздің болашағымыз»- деді.

Сонымен қатар, университеттің халықаралық ғылыми кеңістікке қадам басуы да ерекше атап өтілді. Жуырда Қытайдағы стратегиялық серіктес – Сиань Цзяотун университетінің 130 жылдығына арналған халықаралық форумда оқу орнының ғылыми әлеуеті таныстырылды. Ең маңызды жаңалықтардың бірі – Шәкәрім университетінің Қытай және Шанхай ынтымақтастық ұйымының жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық орталығына ресми түрде мүше болуы.

Бұдан бөлек, университет Халықаралық ғылыми-техникалық орталық бағдарламасы аясында Жапония және Армения ғалымдарымен бірлесіп, қалдықтардан сутегі өндіру бағытындағы жаңа экожүйелік жобаны қолға алмақ. Бұл жобаға Жапония тарапынан 250 мың доллар көлемінде қаржы бөлінуі жоспарланған.

Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында Ақордада өткен салтанатты жиында университеттің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, жас ғалым Асқар Қасымов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Бұл – ғалымның ғылыми-зерттеу қызметіндегі жетістіктері мен білім беру саласына қосқан үлесінің жоғары бағалануы ғана емес, тұтас университет ғылымына берілген зор құрмет.

Сонымен қатар, отандық ғылым мен жоғары білімнің дамуына үлес қосқан бірқатар университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің марапаттарына ие болды.

Атап айтқанда, Шолпан Абишева, Айзат Мұқатаева, Ләззат Габдуллина «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Эльмира Сәмекбаева «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін иеленді.

Ал Ермек Абильмажинов, Гүлнара Джаманова және Жібек Абылкасимова «Ғылым үздігі» Құрмет дипломымен, Ғылыми-редакциялық бөлім үйлестірушісі Зульфия Семейская «Шәкәрім университеті» медалімен марапатталды.

Өнер кафедрасының оқытушысы Қайрат Қабышевқа «Шәкәрім университетінің құрметті профессоры» атағы берілді. Сондай-ақ, бірқатар қызметкерлер министрдің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына, сондай-ақ университет ректорының Алғыс хаттарына ие болды.

Ғылым онкүндігінің қорытындысында «Үздік жас ғалым», «Үздік магистрант», «Үздік ғылыми үйірме» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталып, үздіктерге құрмет көрсетілді.

Бұл онкүндік – ғылым мен білімнің, ізденіс пен жаңашылдықтың, ынтымақтастық пен табыстың жарқын көрінісі болды.

Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік
Жаңашылдыққа жол ашқан онкүндік

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру