Тұрақты даму университет стратегиясына айналғанда: Шәкәрім университеті THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингінде
Шәкәрім университеті Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026 халықаралық рейтингіне еніп, БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының 15 бағыты бойынша өз орнын айқындады.
Шәкәрім университеті халықаралық білім кеңістігіндегі орнын нығайтып, әлемдегі ең беделді рейтингтердің бірі — THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингінеенді. Бұл рейтинг университеттердің Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына қосқан нақты үлесін бағалайды.
Жалпы рейтинг қорытындысы бойынша Shakarim University әлемнің 1603 университеті ішінде 801–1000 орын аралығынан көрінді.
Бұл нәтиже тек университет үшін ғана емес, Қазақстанның өңірлік жоғары білім жүйесі үшін де маңызды. Өйткені бұл жай ғана халықаралық кестеге ену емес. Бұл — өңірлік университеттің білім, ғылым, экологиялық шешімдер, әлеуметтік жауапкершілік, кадр даярлау және нақты жобалар арқылы жаһандық күн тәртібіне қатыса алатынын көрсететін мойындау.
Бұл рейтингтің маңыздылығы неде?
Times Higher Education Sustainability Impact Ratings — университеттердің академиялық беделін, жарияланым санын немесе дәйексөз көрсеткішін ғана бағалайтын классикалық рейтинг емес. Бұл рейтингтің өлшемі басқа.
Ол әлдеқайда ауқымды сұраққа жауап береді: университет қоғамның дамуына қандай нақты үлес қосып отыр?
THE Sustainability Impact Ratings, бұрын THE Impact Rankings ретінде белгілі болған, университеттердің БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуін өлшейтін әлемдегі бірегей жаһандық рейтинг ретінде қарастырылады. 2026 жылы рейтингке 116 ел мен аумақтан 1646 университет қатысып, бағалау БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсаты бойынша жеке кестелер және жалпы рейтинг негізінде жүргізілді.
Сондықтан мұндай рейтингке қатысу университет үшін формалды халықаралық көріністен әлдеқайда маңызды. Бұл — басқару мәдениетінің, әлеуметтік саясаттың, зерттеу күн тәртібінің, экологиялық жауапкершіліктің және ұзақмерзімді сын-қатерлермен жұмыс істеу қабілетінің тексерісі.
Шәкәрім университеті үшін бұл нәтиженің маңызы ерекше. Себебі университет ерекше тарихи, экологиялық және ғылыми жауапкершілігі бар өңірде орналасқан. Абай облысы — Абай өңірі, Семей қаласы, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны, аграрлық экономика, жаңа мүмкіндіктер іздеген жастар және мықты кадрлар мен қолданбалы ғылымға мұқтаж аймақ.
Осы тұрғыдан алғанда, Шәкәрім университетінің THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингіне енуі университет стратегиясының енді тек ішкі нәтижелермен ғана емес, халықаралық өлшемдермен де бағалана бастағанын көрсетеді.
Жалпы нәтиже: Shakarim University тұрақты даму бойынша әлем университеттері қатарында.
THE Sustainability Impact Ratings 2026 жалпы рейтингі бойынша Шәкәрім университеті әлемнің 1603 университетіішінде 801–1000 орын аралығына енді.
Бұл университеттің халықаралық деңгейін жаңа сатыға көтереді. Сонымен қатар ең маңыздысы — Shakarim University БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының 15 бағыты бойынша ұсынылды.
Бұл бір ғана бағыттағы жетістік емес. Бұл — кешенді жұмыстың нәтижесі. Университет білім беру, азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты ауылшаруашылығы, лайықты еңбек, гендерлік теңдік, таза энергия, климат, жауапты тұтыну, жер экожүйелерін сақтау, әріптестік және әлеуметтік тұрақтылық салаларында нақты нәтижелер көрсетіп отыр.
Басқаша айтқанда, Shakarim University рейтингке бір ғана жоба арқылы емес, тұрақты дамуды институционалдық модельдің бір бөлігіне айналдырған университет ретінде еніп отыр.
Ең жоғары нәтиже: SDG 2 — Zero Hunger
Shakarim University-дің ең маңызды нәтижелерінің бірі — ТДМ 2 “Аштықты жою” бағыты бойынша әлемнің 731 университеті ішінде 201–300 орын аралығына енуі.
Абай облысы үшін бұл көрсеткіштің мәні өте жоғары. Тұрақты даму мақсаты №2 тек аштықты жою ұғымымен шектелмейді. Университеттік деңгейде б ұл бағыт азық-түлік қауіпсіздігін, аграрлық ғылымды, тұрақты ауыл шаруашылығын, биоресурстарды, тағам технологияларын, ветеринарияны, өнім сапасын, су және жер ресурстарын зерттеуді қамтиды.
Дәл осы бағытта Shakarim University-дің өңірлік негізі мықты. Университет аграрлық, ветеринарлық, тағам, биологиялық және технологиялық бағыттарды дамытып келеді. Университет құрылымында зертханалар, агробиологиялық база, Агротехнопарк, өңірдің нақты қажеттіліктеріне бағытталған зерттеу және білім беру бағдарламалары жұмыс істейді.
Бұл нәтиже Shakarim University-дің агроөнеркәсіп кешені үшін кадр даярлауменғанашектелмей, өңірдіңжаңааграрлықмоделінқалыптастыруғақатысаалатынынкөрсетеді. Бұл модель технологиялық, ғылыминегізделгенжәнетұрақтыболуытиіс.
Қазақстан үшін мұның стратегиялық мәні бар. Азық-түлік қауіпсіздігі ұлттық тұрақтылықтың негізгі факторларының біріне айналып келеді. Климаттың өзгеруі, су ресурстарына қысымның артуы, ауыл шаруашылығының трансформациясы және аграрлық сектор өнімділігін арттыру қажеттілігі жағдайында өңірлік университеттердің рөлі күшейеді. Өйткені олар жерге, фермерге, өндіріске, зертханалық талдауға және экономиканың нақты сұранысына жақын.
SDG 8: Лайықты еңбек және экономикалық өсу
SDG 8 “Decent Work and Economic Growth” бағыты бойынша Шәкәрім университеті әлемнің 1003 университеті ішінде 301–400 орын аралығынан көрінді.
Бұл қазіргі университеттің рөлін түсіну үшін ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Бүгінде жоғары оқу орны қанша студент оқытатынымен ғана емес, түлектерінің қаншалықты сұранысқа ие екенімен, жұмыс берушілермен байланысымен, жұмыс орындарын, стартаптарды, кәсіпкерлік ортаны және кәсіби траекторияларды қалыптастыруға қатысуымен бағаланады.
Шәкәрім университеті үшін бұл көрсеткіш бірнеше маңызды процесті көрсетеді.
Біріншіден, университет білім беру бағдарламаларын нақты экономика секторымен жүйелі түрде байланыстырып келеді. Екіншіден, зертханалар мен өндірістік алаңдар жаңғыртылуда. Үшіншіден, студенттердің кәсіпкерлік және жобалық мәдениеті дамып келеді. Төртіншіден, жұмыс берушілермен және индустриялық серіктестермен өзара іс-қимыл кеңейіп отыр.
Халықаралық келісімдер, инженерлік бағыттардың дамуы, зертханалардың іске қосылуы және жобалық белсенділіктің өсуі аясында SDG 8 бойынша нәтиже Шәкәрім университетінің өңірлік экономиканың дамуына қатысушы институт ретінде қабылдана бастағанын көрсетеді.
Бұл Абай облысы үшін өте маңызды. Өңірдегі адами капиталдың дамуы өнеркәсіппен, ауылшаруашылығымен, энергетикамен, логистикамен, құрылыспен, экологиямен және жаңа технологиялық секторлармен тікелей байланысты.
SDG 4: Сапалы білім беру - Тұрақты дамудың негізі
SDG 4 “Quality Education” бағыты бойынша Шәкәрім университеті әлемнің 1335 университеті ішінде 401–600 орын аралығына енді.
Бұл кез келген университет үшін базалық көрсеткіш. Бірақ THE Sustainability Impact Ratings шеңберінде ол дәріс сапасы немесе оқу бағдарламаларының мазмұнымен ғана шектелмейді. Бұл жерде білімнің қолжетімділігі, білім беру саясаты, әртүрлі әлеуметтік топтар үшін мүмкіндіктер, өмір бойы білім алу, маман даярлау, университеттің мектеп оқушыларына, студенттерге, оқытушыларға және жергілікті қауымдастықтарға ықпалы бағаланады.
Шәкәрім университеті үшін бұл нәтиже соңғы жылдардағы ішкі трансформациямен байланысты. Университет академиялық құрылымын жаңартып, зерттеу және жоғары мектептерді дамытып, кадр саясатын күшейтіп, жас оқытушылар мен science-профессорларды тартып, инфрақұрылымды жаңғыртып, халықаралық бағдарламаларды кеңейтіп келеді.
Сапалы білімді бүгін зертханалардан, цифрландырудан, әлеуметтік жағдайдан, академиялық адалдықтан, халықаралық серіктестіктен және еңбек нарығымен байланыстан бөлек қарастыру мүмкін емес. Сондықтан SDG 4 нәтижесі университеттің білім беруді тұтас жүйе ретінде құрып жатқанын көрсетеді.
SDG 5: Гендерлік теңдік
SDG 5 “GenderEquality” бағыты бойынша Шәкәрім университеті әлемнің 1095 университеті ішінде 401–600 орын аралығына кірді.
Мемлекеттік және қоғамдық даму үшін бұл көрсеткіштің маңызы жоғары. Университет ортасындағы гендерлік теңдік — тек статистика мәселесі емес. Бұл білімге қолжетімділік, мансаптық өсудегі тең мүмкіндік, әйелдердің ғылымға, басқаруға, зерттеулерге, студенттік бастамаларға және қоғамдық өмірге қатысуы.
Шәкәрім университетінің нәтижесі университеттің кәсібилік, құзырет және жеке жауапкершілік басты мәнге ие болатын ашық әрі теңгерімді орта қалыптастырып отырғанын көрсетеді.
Өңір үшін бұл ерекше маңызды. Жастар өз болашағын ортаның сапасымен, мүмкіндіктердің әділдігімен және әлеуметтік мәдениетпен көбірек байланыстыратын кезеңде университет тек білім алатын орын ғана емес, жаңа нормалар қалыптасатын кеңістікке айналады.
SDG 7: Қолжетімді әрі таза энергия
SDG 7 “AffordableandClean Energy” бағыты бойынша университет әлемнің 892 университеті ішінде 401–600 орынаралығына енді.
Бұл нәтиженің мәні Шәкәрім университеті іске асырып жатқан стратегиялық жобалар аясында күшейе түседі. Университет инженерлік, энергетикалық, технологиялық және қолданбалы бағыттарды, оның ішінде халықаралық ынтымақтасты қарқынды дамытып келеді.
Соңғы жылдары энергетика жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелерінің біріне айналды. Жаңа энергия көздеріне көшу, энергия тиімділігін арттыру, электротехникалық шешімдерді дамыту, автоматтандыру және инженерлік кадрлар даярлау университеттердің белсенді қатысуын талап етеді.
Шәкәрім университеті үшін бұл бағыттың білімдік қана емес, қолданбалы мәні бар. Университет энергетика, өнеркәсіп, экология және технологиялық жаңғыру мәселелері экономиканың болашағымен тікелей байланысты өңірде орналасқан.
Сондықтан SDG 7 нәтижесі университет күн тәртібінің стратегиялық технологиялық міндеттер деңгейіне көтеріліп келе жатқанын көрсетеді.
SDG 12 және SDG 13: жауапты тұтыну мен өндіру және климаттың өзгеруіне қарсы күрес
SDG 12 “Responsible Consumptionand Production” бағыты бойынша Shakarim University әлемнің 758 университеті ішінде 401–600 орын аралығына енді.
SDG 13 “Climate Action” бағыты бойынша университет әлемнің 826 университеті ішінде 401–600 орын аралығынан көрінді.
Бұл екі бағыт өзара тығыз байланысты. Жауапты тұтыну, тұрақты ндіріс, ресурстарды ұтымды пайдалану, экологиялық ізді азайту, климаттық зерттеулер және кологиялық мәдениет қазіргі университет миссиясының бір бөлігіне айналып келеді.
Шәкәрім университеті үшін бұл нәтижелердің маңызы ерекше, өйткені өңірдің экологиялық тарихы күрделі. Абай облысы Семей ядролық полигонының салдарымен, радиациялық қауіпсіздікпен, экожүйелерді қалпына келтірумен, жерді ұтымды пайдаланумен және тұрақты табиғат пайдаланумен байланысты.
Университет радиоэкология, орманды қалпына келтіру, биоресурстар, агроэкология, табиғи орта және экологиялық мониторинг бағыттарында зерттеулер жүргізіп келеді. Сондықтан SDG 12 және SDG 13 көрсеткіштері экологиялық жұмыстың декларация емес, нақты тәжірибе екенін дәлелдейді.
SDG 15: Құрлық экожүйелерін қорғау
SDG 15 “Life on Land” бағыты бойынша Шәкәрім университеті әлемнің 658 университеті ішінде 401–600 орын аралығына кірді.
Бұл бағыт жер, орман, биоресурстар, жайылымдар, ауыл шаруашылығы және табиғи ортаны қалпына келтіру мәселелері адамдардың өмір сапасына тікелей әсер ететін өңір үшін өтемаңызды.
Университеттің бұл саладағы жұмысы мамандар даярлаумен, зерттеулермен, экологиялық жобалармен, табиғатты қорғау құрылымдарымен өзара әрекеттесумен және аумақтарды қалпына келтіру міндеттеріне қатысумен байланысты.
SDG 15 университет табиғатты тек ғылыми зерттеу нысаны ретінде ғана емес, экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру процесінің маңызды бөлігі ретінде қарастыратынын көрсетеді.
Басқа бағыттар: Көпсалалы даму – басты артықшылық
Шәкәрім университеті THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингінде басқа да бағыттар бойынша ұсынылды.
SDG 1 “No Poverty” бағыты бойынша университет әлемнің 931 университеті ішінде 601–800 орын аралығын иеленді.
SDG 10 “ReducedInequalities” бағыты бойынша — 932 университет ішінде 601–800.
SDG 11 “Sustainable Cities and Communities” бағыты бойынша — 865 университетішінде 601–800.
SDG 6 “Clean Water and Sanitation” бағытыбойынша — 797 университет ішінде 601+.
SDG 3 “Good Health and Wellbeing” бағыты бойынша — 1254 университет ішінде 801–1000.
SDG 16 “Peace, Justice and Strong Institutions” бағыты бойынша — 914 университет ішінде 801+.
SDG 17 “Partnership for the Goals” бағыты бойынша — 1610 университетішінде 801–1000.
Бір қарағанда, бұл көрсеткіштер әртүрлі диапазонда орналасқан. Бірақ аналитикалық тұрғыдан мұндағы басты мәселе басқа: университет Тұрақты даму мақсаттарының кең ауқымы бойынша ұсынылып отыр. Бұл Шәкәрім университетінің жеке рейтингтік науқан емес, тұрақты дамуға қатысудың көпсалалы моделін құрып жатқанын білдіреді.
Мұндай тәсіл өңірлік университеттің табиғатына сай келеді. Ол бір мезгілде біліммен, ғылыммен, жастармен, экологиямен, еңбек нарығымен, әлеуметтік бастамалармен, әріптестікпен және аумақтың дамуымен жұмыс істеуі тиіс.
Бұл Абай облысы үшін не береді?
Шәкәрім университетінің THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингіне қатысуы өңір үшін бірнеше деңгейде маңызды.
Бірінші деңгей — беделдік деңгей.
Абай облысында университеттердің қоғамдық әсерін бағалайтын ең беделді халықаралық жүйелердің бірінде көрінген жоғары оқу орны бар.
Екінші деңгей — кадрлық деңгей.
Рейтинг университеттің өңір экономикасының болашағы үшін маңызды бағыттарда дамып келе жатқанын растайды. Олар: аграрлық ғылым, инженерия, энергетика, экология, білім беру, әлеуметтік тұрақтылық, кәсіпкерлік.
Үшінші деңгей — ғылыми деңгей.
Климат, экожүйелер, энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және тұрақты өндіріс бойынша көрсеткіштер университеттің тек білім беру ұйымы ғана емес, зерттеу алаңы болаалатынын дәлелдейді.
Төртінші деңгей — әлеуметтік деңгей.
Университет жауапкершілік, ашықтық, тең мүмкіндік, азаматтық қатысу және өз аумағына құрмет құндылықтары қалыптасатын кеңістікке айналып келеді.
Абай облысы үшін бұл өте маңызды. Өңірге тек кадрлар ғана емес, ұзақмерзімді даму мағынасын қалыптастыра алатын институттар қажет. Университет дәл сондай институт болуы тиіс.
Қазақстандық жоғары білімнің жаңа келбеті
Шәкәрім университетінің нәтижесі Қазақстан үшін халықаралық бәсекеге қабілетті жоғары білім тек астаналар мен мегаполистерде ғана қалыптаспайтынын көрсетеді.
Өңірлік университеттер де жаһандық күн тәртібіне шыға алады. Ол үшін стратегия, команда, ғылыми бағыттар, серіктестіктер және басқарушылық ерік қажет.
Осы тұрғыдан Shakarim University өңірлік жоғары оқу орнының ұлттық міндеттерге қалай жауап бере алатынын көрсететін мысалға айналып отыр:
жаңа экономикаға кадр даярлау;
қолданбалы ғылымды дамыту;
жас зерттеушілерді тарту;
тұрақты ауыл шаруашылығын қолдау;
экологиялық жауапкершілікті күшейту;
халықаралық байланыстарды кеңейту;
аумақтың дамуына жұмыс істейтін университеттік орта қалыптастыру.
Бұл ғылым және жоғары білім саласындағы мемлекеттік саясат тұрғысынан да маңызды. Қазіргі университет тек диплом беретін орын болмауы керек. Ол құзыреттер орталығы, зерттеу алаңы, өңір серіктесі және халықаралық ғылыми-білім жүйесінің қатысушысы болуы тиіс.
Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков: Рейтинг таңдалған стратегияның дұрыстығын көрсетеді
Рейтинг қорытындысына пікір білдірген Шәкәрім университеті ректоры Думан Орынбеков университеттің THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингіне қатысуы соңғы жылдардағы жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін атап өтті.
- Біз үшін бұл рейтинг маңызды, өйткені ол тек академиялық көрсеткіштерді ғана өлшемейді. Ол университеттің қоғамға, өңірге, экономикаға, қоршаған ортаға және келешек ұрпаққа қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді. Шәкәрім университеті ерекше тарихы және үлкен жауапкершілігі бар өңірде орналасқан. Сондықтан тұрақты даму біз үшін университет стратегиясының бір бөлігі,- дейді ректор.
Думан Орынбековтің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі, лайықты еңбек, сапалы білім, энергетика, климат және экожүйелер бойынша нәтижелер университеттің дұрыс бағытта қозғалып келе жатқанын көрсетеді.
- Өңірлік университет нақты өмірге жақын болуы керек. Фермерге, мектепке, зертханаға, кәсіпорынға, өз орнын іздеп жүрген жас адамға жақын болуы керек. Егер университет білімді, ғылымды және аумақтың қажеттілігін біріктіре алса, ол дамудың шынайы факторына айналады. THE нәтижелері Шәкәрім университетінің дәл осы жолмен келе жатқанын растайды,- деп атап өтті Думан Орынбеков.
Рейтингтен — жаңа жауапкершілікке
Шәкәрім университетінің THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингіне енуі — қорытынды нүкте емес. Бұл — жаңа деңгей.
Енді университет алдында нақты міндеттер тұр: әрбірТұрақты даму мақсаты бойынша дәлелдік базаны күшейту, жарияланым белсенділігін дамыту, халықаралық серіктестікті кеңейту, әлеуметтік бағдарламаларды нығайту, тұрақты дамуды басқару сапасын арттыру, студенттер мен оқытушыларды нақты қоғамдық әсері бар жобаларға тарту.
Ерекше назар университет қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсеткен бағыттарға аударылады: азық-түлік қауіпсіздігі, лайықты еңбек және экономикалық өсім, сапалы білім, таза энергия, климаттық күн тәртібі, жауапты өндіріс және құрлық экожүйелерін қорғау.
Бұл тбағыттар Абай облысы мен Қазақстанның ұзақмерзімді мүдделерімен толық сәйкес келеді.
Қорытынды қандай?
THE Sustainability Impact Ratings 2026 нәтижелері ең басты нәрсені көрсетеді: Шәкәрім университетінің ықпалы енді тек кампус ішіндегі көрсеткіштермен өлшенбейді.
Университеттің жұмысы өңірге, экономикаға, экологиялық күн тәртібіне, халықаралық серіктестікке, жас мамандар даярлауға жәнеа дамдардың өмір сапасына әсер етеді.
Бұрын тұрақты даму күнделікті университет өмірінен алыс жаһандық ұғым ретінде қабылданса, бүгін Шәкәрім университеті оның нақты шешімдерден басталатынын көрсетіп отыр: аудиторияда, зертханада, агроалаңда, жатақханада, ғылыми орталықта, серіктестік жобада, студенттік бастамада.
Бұл нәтижеге ерекше мән беретін тағы бір маңызды жайт – THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингінде әлемнің 1603 университеті арасынан 801–1000 орындар аралығына ене отырып, Шәкәрім университеті Қазақстанның тұрақты даму көрсеткіштері бойынша үздік он жоғары оқу орнының қатарына кірді. Бұл университеттің халықаралық деңгейде табысты бәсекелесіп қана қоймай, басқару сапасы, әлеуметтік жауапкершілік, экологиялық күн тәртібі, ғылымды дамыту және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қосқан үлесі тұрғысынан еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орындарының бірі екенін көрсетеді. Өңірлік университет үшін бұл – жүйелі дамудың, таңдалған стратегияның тиімділігінің және елдің ең үздік білім беру институттарымен бір деңгейде жұмыс істей алатын әлеуеттің айқын дәлелі.
Сондықтан THE Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингіне қатысу — тек халықаралық бағалау ғана емес. Бұл Қазақстандағы өңірлік университеттің жаңа рөлін растау: өсу нүктесі болу, білім көзіне айналу және ел мен болашақ үшін маңызды шешімдердің қатысушысы болу.
Дереккөз: https://www.timeshighereducation.com/impactrankings