Мазмұнға өту
Жаңалықтар 06.11.2026 76

Шетелде білім алудың мүмкіндіктері түсіндірілді

Шетелде білім алудың мүмкіндіктері түсіндірілді

4-5 қараша күндері Шәкәрім университетінде білім алушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпараттық кездесулер ұйымдастырылды.

Кездесуді Халықаралық ынтымақтастық орталығының жетекші маманы Диана Ермекқызы өткізіп, білім алушыларға шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, халықаралық академиялық тәжірибе жинақтау және стипендиялық бағдарламаларға қатысу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында білім алушыларға Erasmus+, GKS, GGMP және басқа да академиялық ұтқырлық бағдарламалары таныстырылды. Сонымен қатар, серіктес жоғары оқу орындары, олардың білім беру бағыттары, ұсынылатын гранттар мен стипендиялар, үміткерлерге қойылатын талаптар және құжаттарды тапсыру тәртібі түсіндірілді.

Атап айтқанда, білім алушыларға Түркия, Оңтүстік Корея, Қытай, Польша, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және басқа да елдердің серіктес университеттерінде білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет ұсынылды. Олардың қатарында Jeonbuk National University, Gyeongsang National University, Pamukkale University, Стамбул қаласындағы Айдын университеті, Слупск қаласындағы Поморск университеті, Быдгощ қаласының Экономика жоғары мектебі, Солтүстік-батыс орман және ауыл шаруашылығы университеті, INTI International University және басқа да шетелдік жоғары оқу орындары бар.

Сондай-ақ академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін қажетті құжаттарды дайындау, өтінім беру мерзімдері, іріктеу кезеңдері мен шетелде оқу барысындағы академиялық талаптар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан нақты жауаптар алды.

Шәкәрім университеті студенттердің халықаралық білім кеңістігіне ықпалдасуына және академиялық мүмкіндіктерін кеңейтуіне қолдау көрсетуді жалғастырады!

Қазіргі уақытта бағдарламаға қатысуға ниетті студенттерден құжат қабылдау жалғасып жатыр.

Қосымша ақпарат алу үшін Глинка көшесі,20 а мекен-жайындағы №124 кабинетке жолығуға немесе 8 747 729 43 54 телефонына хабарласуға болады.

Шетелде білім алудың мүмкіндіктері түсіндірілді
Шетелде білім алудың мүмкіндіктері түсіндірілді

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру