Жаңалықтар 11.02.2026 405

Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне құттықтауы

Shakarim University ректоры Думан Орынбековтің Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күніне құттықтауы

 Құрметті Шәкәрім университетінің ғылым жолында жүрген арулары, әйелдер қауымы!

Сіздерді бүгінгі Ғылым саласындағы қыз-келіншектердің халықаралық күнімен құттықтаймын!

О бастан сан салалы құрылымдарға, түрлі бағыттарға негізделген ғылым жолы күрделі көрінгенімен, оны адамзат игілігі үшін игеріп, еліміздің дамып, өркендеуі үшін тынбай ізденіп, сүбелі үлесін қосатын сіздердің еңбектеріңіз ерекше.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әйелдер қауымы еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосуда. Әйелдер әр салада – қоғамдық саяси бағытта, соның ішінде ғылымда, білім беру мен зерттеулерде де табысты еңбек етіп, елдің әлеуетін күшейтуде», – деп атап көрсеткен болатын.

Нақты деректермен айтар болсақ, Қазақстандағы әйел зерттеушілердің үлесі 50 пайыздан асады.

Ғылымның түрлі саласын дамытуға әрдайым баса назар аударатын Шәкәрім университетінде әйел ғалымдардың ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Университетімізде штаттық негізде 307 ұстаз қызмет етеді. Оның 228-і әйелдер. Сонымен қатар, адал еңбек, маңдай терімен 3 профессор, 36 ғалым-доцент, 53 PhD, 57 ғылым кандидаты атағын алған қыздарымыз қоғамдық істерге де белсене аралысып, өзіндік орнын айқындап отыр. Олардың әрқайсы еліміздегі ғылым саласын өркендетіп, өркениеттің болашағы жарқын болуына сай абыройлы еңбек етуде.

Істеріңізге сәттілік, ізденістеріңізге табыс тілеймін!

Құрметпен, Думан ОРЫНБЕКОВ

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру