Сексен бесінде сертификат алған ұстаз
Шәкәрім университетінде «Күміс университет» тыңдаушыларына сертификаттар табыс етілді. Аталған бағдарлама аясында жас ерекшелігіне қарамастан, ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен 43 ұстаз түрік тілін меңгергендігін растайтын сертификатқа ие болды.
Солардың ішінде биыл 85 жасқа толатын ардагер ұстаз, математика пәнінің оқытушысы Илья Мұхаметжанқызының еңбегі мен ізденісі көпке үлгі. Ардақты ұстаз зейнет жасына жетсе де, білімін жетілдіруді тоқтатпай, бірнеше шет тілін меңгеріп, өмір бойы оқу қағидасына адал екенін дәлелдеп келеді.