Түлектерге арналған жадынама
І. Түлектерді жұмысқа орналастыруды қолдау
1.1 Жұмысқа жолдама беру
Оқу жоспарына сәйкес міндетті түрде өтеуге тиісті жұмысқа жолдама университетінің бекітілген тәртібі бойынша беріледі.
Түлекке:
• жұмысты өтеу туралы жеке міндеттеме – түлектің белгіленген мерзімде еңбек қызметін атқаруға келісімін растайтын құжат;
• ресми жұмысқа жолдама – мамандыққа сәйкес ұйымға орналасуға берілетін бағыттама;
• жұмысқа орналастыру жөніндегі кеңес – мансаптық бағдар мен еңбек нарығына шығуға қ атысты қысқаша кәсіби кеңес.
1.2. Жұмыс берушілдермен байланыс
Бөлім еңбек нарығындағы серіктес ұйымдармен тұрақты түрде байланыс орнатады.
Түлектер үшін:
• бос орындар туралы ақпарат
• бос орындар жәрмеңкесі
• жұмыс берушілер өткізетін кездесулер, семинарлар
• тәжірибеден өту және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері
II. Еңбекпен өтеу және одан босату
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы, 17-тармағына сәйкес
• жұбайы (зайыбы) тұрақты тұратын, еңбек қызметін жүзеге асыратын немесе әскери/қызметтік борышын өтеп жатқан елді мекенде тиісті мамандық бойынша бос жұмыс орындарының болмауы жағдайында (қосымша: жұбайының тұрақты тұру орнын растайтын құжат (мекенжай анықтамасы); жұбайының жұмыс орнынан анықтама немесе әскери қызмет өткеру туралы анықтама; бос жұмыс орындарының жоқтығы туралы жергілікті жұмыспен қамту орталығынан анықтама.);
• бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар азаматтар, сондай-ақ олардың өмір сүру және еңбек ету жағдайларын ескеретін әлеуметтік маңызы жоғары себептер туындаған кезде (қосымша: дәрігерлік-еңбек сараптау комиссиясы анықтамасының көшірмесі);
• магистратура, докторантура және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізіндегі резидентура бағдарламалары бойынша одан әрі оқуын жалғастыруға қабылданған азаматтар (қосымша: магистратураға қабылдау кезінде бакалавриат бойынша оқу міндетінен босатуды куәландыратын қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі немесе анықтама);
• жүктілік кезеңіндегі әйелдер, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар аналар немесе баланы (балаларды) өз бетінше тәрбиелеп отырған тұлғалар (қосымша:№026/е нысан «Дәрігерлік – консультациялық комиссиясының қорытынды анықтамасы);
• Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылған азаматтар (қосымша: әскери комиссариаттан әскери қызметке шақырылғаны туралы анықтама немесе әскерге шақыру қағазының көшірмесі);
Әрбір аталған санатқа сәйкес тиісті растайтын құжаттар ұсынылуы қажет. Өтініштер университеттің бірінші басшысының атына ресми түрде жазылады.
III. Жұмысқа орналасуды растау
• түлектер оқу аяқталғаннан кейін белгілі бір мерзім ішінде (университеттің ішкі кестесіне сәйкес) жұмысқа орналасқанын растауы тиіс. Ол үшін мына құжаттардың бірі тапсырылады:
• жұмыс берушіден берілетін ресми анықтама;
• жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың (өкілетті орган актісінің) расталған көшірмесі;
• жұмыспен қамту орталығына тіркелгені туралы ресми анықтама;
• ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет өткеру фактісін растайтын құжат (әскери қызметке шақырылған тұлғалар үшін жұмыс өтеуді кейінге қалдыру мақсатында).
IV. Түлектермен байланыс
• мансап және практика бөлімі түлектердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында:
• кәсіби бағдар және еңбек нарығына бейімделу мәселелері бойынша жеке консультациялар жүргізу;
• түлектер бойынша бірыңғай ақпараттық дерекқорды жүйелі түрде жаңарту;
• жұмысқа орналасу көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді жинақтау және талдау;
• түлектер қауымдастығымен серіктестік байланыстарды дамыту және нығайту.
V. Жұмыс іздеуге арналған сайттар
https://bagdar.kz/
https://qyzmet.kz
https://www.enbek.kz
https://hh.kz/
https://bilimalmaty.kz/job/index
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: Глинка көшесі, 20а, № 7 оқу ғимараты, Мансап және практика бөлімі, 4 қабат, 409 каб.
Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма сағат 08.30-17.30
Қызмет көрсету бағыты: мансаптық кеңес беру, жұмысқа жолдама, түлектерді тіркеу, жұмыс берушілермен байланыс
Түлектердің міндетті түрде жұмыс істеуі керек туралы
«Қаржы орталығы» АҚ түлектерге ақпарат
«Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы білім беру тапсырысы негізінде білім алған жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмыспен өтеу және жұмыс өтелмеген жағдайда олардың оқуына бюджет қаражаты есебінен жұмсалған шығыстарды өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз ететін білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы ретінде ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушының, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушінің «Қаржы орталығы» АҚ-ға келісімін беру («511») немесе келісім беруден бас тарту («512») туралы ұсынысты қамтитын «1414» байланыс орталығынан келген SMS - хабарламаға 15 минут ішінде жауап беруге мүмкіндік берілетінін, көрсетілген уақыт өткен соң хабарлама өзектілігін жоғалтатынын хабарлайды.
ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушыдан, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітірушіден «1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауге және өңдеуге «511» (келісім) хабарлама жіберілгеннен кейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен дербес деректерді жинау және өңдеу үшін «Қаржы орталығы» АҚ-ға шектеулі деректер – жұмыс берушінің БСН-і немесе ЖСН-і, ұйымның атауы, жұмыс берушінің мекенжайы және міндетті зейнетақы жарналарының түсу кезеңдері туралы ақпарат ұсынылады.
Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінде «Қаржы орталығы» АҚ үшін құпия сипаттағы басқа дербес деректер көрсетілмейді.
«1414» байланыс орталығына дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беруден бас тарту «512» (келісім бермеу) хабарламасы жіберілген жағдайда ЖЖОКБҰ-да немесе ДССҒҰ-да білім алушы, сондай-ақ бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура бойынша оқу бітіруші үшжылдық немесе екіжылдық жұмыспен өтеу мерзімі аяқталғанға дейін міндеттеменің орындалуы туралы растау құжаттарын «Қаржы орталығы» АҚ-ға өз бетінше жіберіп тұруы қажет болады.


