Жаңалықтар 01.09.2026 124

Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты

Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты

1 қыркүйек – Білім күні Шәкәрім жоғары колледжінде кең ауқымда атап өтілді. Салтанатты шараға колледж басшылары, ұстаздары, биыл оқуға қабылданған мектеп түлектері мен ата-аналар қатысты.

Алдымен Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен ашылған мерекелік жиында сөз алған Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков көпшілік қауымға Білім күніне орай құттықтау лебізін білдірді.

- Қымбатты бірінші курс студенттері! Құрметті ата-аналар, қадірлі әріптестер! Биыл Шәкәрім жоғары колледжіне 600-ден астам бірінші курс студенті қабылданып отыр. Бұл колледж тарихындағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізгеніміздің айқын дәлелі. Бүгінде колледжде еңбек нарығында сұранысқа ие 14 бағыт бойынша 1300-ден астам болашақ маман білім алуда. Бұл, әрине, ең алдымен ата-аналардың, жастардың бізге артқан сенімі мен үлкен жауапкершілігі. Осы орайда колледж директоры Тоты Тлеулесқызына, оның командасына шынайы алғысымды білдіремін,- деді Думан Рымғалиұлы.

Ректор сондай-ақ колледждің Шәкәрім университетінің ажырамас бөлігі екенін атап өте келіп, мұнда қабылданған талапты жастардың білімдерін ары қарай университетте жалғастыруға, зертханаларда жұмыс жасап, ғылыми жобалармен айналысуға, заманауи технологияларды игеруге мүмкіндіктер барына тоқталды. Яғни, осы орайда 600-ден астам түлектің Шәкәрім жоғары колледжін таңдауы ұрпағына үміт артқан 600-ден астам отбасының университетке де артқан сенімі деп білген жөн.

Болашағының жаңа парағын ашып, оқу орнының табалдырығын аттаған жас буынның қуанышы шексіз екенін бал-бұл жайнаған жүздерінен көрініп тұр. Өйткені, олардың қайсы болсын, Шәкәрім жоғары колледжінде алдағы уақытта еңбек нарығында сұраныс болатын мамандықтарға сай білім алмақ. Ветеринария, төтенше жағдайлар, орман шаруашылығы, тағам өндірісінің технологиясы, педагогика (бастауыш сыныпқа білім беру, денешынықтыру және спорт мұғалімі) тағы да басқа таңдаулы салалар бойынша мамандар даярлау жолға қойылған.

-Мен көп балалы ана ретінде екі қызымның Шәкәрім университеті мен колледжінде білім алып жүргеніне ерекше қуаныштымын. Үлкен қызым университеттің денешынықтыру және спорт факультетінің 4 курсында грантта оқып жүр. Кіші қызым, міне, бүгін колледжге қабылданды. Ары қарай университетте білімін жалғастыратын болады. Университет ұстаздарының терең білім беріп қана қоймай, ата-аналармен де тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істейтіні үшін шынайы ризашылығымды білдіремін,- дейді Саягүл Құрманғожина.

Шара барысында ата-аналар атынан сөз алған Гүлнәр Серікболқызы, Любовь Степанова да балаларынан кейін немерелерінің де осы оқу ордасында білім алып болашағын айқындауға бет бұрғаныдығына ризашылықтарын білдірді.

Мерекелік шара әсем ән шырқалып, бишілер тобының өнер көрсетуімен көпшілікті тәнті етті.

Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты
Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты
Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты
Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты
Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты
Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты
Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты
Шәкәрім жоғары колледжі 600 жасқа есігін айқара ашты

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру