Жаңалықтар 22.03.2026 4

Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбековтің Наурыз мерекесімен құттықтауы

Құрметті әріптестер! Қымбатты білім алушы жастар!

Алты ай қыстың ақ қар, көк мұзы мен сақылдаған сары аязынан шаршап, көктемнің шуағын аңсаған шақта Жер Ананы бусантып, мейірім мен жылулық лебін ала келген Наурыз мейрамы құтты болсын!

Бұл – тек жыл мезгілінің ауысуы ғана емес, бұл – тіршіліктің жаңғыруы, үміттің оянуы, жүректерге сенім ұялататын ерекше кезең. Халқымыз ежелден Наурызды жақсылықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы деп білген. Сондықтан да бар игі ниет, ақ тілек осы бір қасиетті күнмен астасып жатады.

Осынау ұлық мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыс тілеймін. Әр бастамаларыңыз баянды болып, білім мен ғылым жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын. Көктемнің шуақты күндері әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, береке мен бірлік ала келсін!

Әз-Наурыз — жасампаздықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы, ата-бабамыздан мирас болған тағылымды дәстүрдің айқын көрінісі. Осы ұлы мейрам әрқайсымыздың жүрегімізге жылулық сыйлап, жан дүниемізді жаңартып, игі істерге жетелесін.

Отбасыларыңыз аман, жақындарыңыз қасыңызда, көңілдеріңіз шат болсын! Әр шаңыраққа Қызыр дарып, бақ пен дәулет қонсын! Елімізде тыныштық пен татулық салтанат құрып, ынтымағымыз арта берсін!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметпен, Думан Орынбеков

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру