Жаңалықтар 25.06.2026 119

Шәкәрім жоғары колледжі түлектерін салтанатпен шығарып салды

Шәкәрім жоғары колледжі түлектерін салтанатпен шығарып салды

Білімнің алтын ұясында өткен жылдар бүгін жарқын нәтижемен түйінделді. Шәкәрім жоғары колледжінің 460 түлегі қолдарына диплом алып, өмірдің жаңа белесіне қадам басты. Солардың ішінде 32 жас маман өте жақсы оқу үлгерімімен ерекшеленіп, Үздік дипломға ие болды.

Салтанатты жиынға жиналған түлектер мен ата-аналарды алғаш болып Шәкәрім университетінің ректоры Думан Рымғалиұлы Орынбеков құттықтады. Ол өз сөзін университет ұжымы үшін ерекше қуанышты жаңалықтан бастады. Бұл жаңалық - 24 маусым күні жарияланған халықаралық Times Higher Education Sustainability Impact Ratings 2026 рейтингінің нәтижесіне сәйкес Шәкәрім университетінің Қазақстанның ең үздік 10 университетінің қатарына енуі болатын. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 17 бағытының 15-і бойынша университет қызметінің халықаралық деңгейде мойындалуы.

-Неліктен құттықтауымды осы жаңалықтан бастадым? Себебі кез келген жетістіктің, кез келген рейтингтің артында адам еңбегі тұрады. Олар – оқытушылар, қызметкерлер, студенттер мен түлектер. Солардың қатарында өздеріңіз де барсыздар.

Сондықтан бүгін қолдарыңызға алып отырған диплом – тек мамандықты меңгергендеріңіздің дәлелі ғана емес. Бұл – халықаралық деңгейде мойындалған үлкен білім беру жүйесінің бір бөлшегі екендеріңіздің белгісі.

Сіздер енді жай ғана колледж түлегі емессіздер. Сіздер – Шәкәрім атты үлкен білім шаңырағының түлектерісіздер. Сондықтан бұл диплом – сенімнің, жауапкершіліктің және өз ісіне адал болудың нышаны. Бүгінгі күн – мәреге жеткен күн емес, үлкен өмір жолына қадам басқан күн,- деді ректор. Сонымен қатар ол түлектерді білім жолын тоқтатпай, Шәкәрім университетінде жалғастыруға шақырды.

Өз кезегінде колледж директоры Тоты Әбдікәрімова жас мамандарға жүрекжарды тілегін арнап, олардың алдағы өмір жолына сәттілік пен ақ жол тіледі.

Салтанат барысында үздік түлектер де өз әсерлерімен бөлісті. «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқуын үздік аяқтаған Мәдина Мұсаева колледждің өз өміріндегі орны ерекше екенін айтты.

– Шәкәрім колледжі маған өз ортамды табуға, ұйымшылдыққа, білім мен тәжірибені қатар игеруге мүмкіндік берді. Осында алған білімім өзім таңдаған мамандықтың қыр-сырын меңгеруге жол ашты. Ендігі мақсатым – жоғары білім алып, кәсіби біліктілігімді одан әрі жетілдіру,- дейді жас түлек.

Сондай-ақ, «Тағам өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша үздік диплом иегері атанған Аяна Қаныбекқызы да білімін Шәкәрім университетінде жалғастыруды жоспарлап отыр.

Осылайша тағы бір оқу жылы тарих қойнауына еніп, жүздеген жас маман үлкен өмірге жолдама алды. Бүгін олардың қолына диплом ғана емес, болашаққа деген сенім, жаңа мүмкіндіктер мен асқақ армандар табысталды.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру