Жаңалықтар 25.06.2026 130

Ғылыми кеңес: табыс таразыланып, келер күн межеленді

Ғылыми кеңес: табыс таразыланып, келер күн межеленді

25 маусым күні Шәкәрім университеті Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес жұмысын Басқарма төрағасы – ректор Думан Орынбеков ашып, өз сөзін университет өміріндегі айтулы жаңалықтан бастады. 24 маусымда жарияланған халықаралық Times Higher Education Sustainability Rankings 2026 рейтингінің қорытындысы бойынша Шәкәрім университеті еліміздің ең үздік 10 университетінің қатарынан көрінді. Ректор бұл табысты университет ұжымының ортақ жетістігі ретінде бағалап, әріптестерін шын жүректен құттықтады.

Отырыста интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбай «Халықаралық ынтымақтастық және университет қызметінің интернационалдандырылуы» тақырыбында баяндама жасады. Ол университеттің халықаралық байланыстарды дамыту бағытындағы жұмыстары мен Халықаралық ынтымақтастық орталығының қызметі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Баяндама барысында стратегиялық жоспардың орындалу көрсеткіштері, шетелдік жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдармен әріптестік байланыстар, академиялық ұтқырлық бағдарламалары, халықаралық жобалар мен әлемдік рейтингтердегі университеттің жетістіктері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі ықпалды арттыруға және университеттің жаһандық білім кеңістігіндегі орнын нығайтуға бағытталған бірқатар ұсыныстар ортаға салынды.

Келесі кезекте «2025–2026 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындылары» тақырыбында баяндама жасаған Тіркеу офисінің басшысы Айнаш Оспанова кафедралар бойынша академиялық үлгерім көрсеткіштері, аралық және қорытынды аттестаттау нәтижелері, емтихан қорытындылары мен білім алушылардың оқу жетістіктері жайлы жан-жақты талдады. Сонымен қатар 2026–2027 оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен даму бағыттары айқындалып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар қарастырылды.

Ғылыми кеңестің күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша ғалым-хатшы Алмагүл Нұрғазезова сөз сөйлеп, 2025–2026 оқу жылында қабылданған Ғылыми кеңес шешімдерінің орындалу барысына жан-жақты тоқталды. Ол атқарылған жұмыстардың нәтижелерін саралап, алдағы 2026–2027 оқу жылында жүзеге асырылатын басым бағыттар мен міндеттерді таныстырды. Сондай-ақ университет қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Ғылыми кеңес отырысы университет қызметкерлерін марапаттау рәсіміне ұласып, білім мен ғылымның дамуына елеулі үлес қосып жүрген ұстаздар мен мамандардың еңбегі лайықты бағаланды.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бейімбет Серікұлы Дәрібаев, қазақ филологиясы кафедрасының оқытушысы Төлеуғазы Кәметайұлы Мурсалимов, Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының бас маманы Лиза Арнольдовна Готман және Персоналды дамытуды сүйемелдеу бөлімінің басшысы Айнұр Валерьевна Рахымбердиева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Құжат айналымы және архив бөлімінің бас маманы Меруерт Рахымбекқызы Түсіпова Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғысына ие болды.

Ректордың кеңесшісі Кенжехан Кәрімұлы Накишев пен «Экономика және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Шынар Дәлелқызы Жайлаубаева университеттің ең жоғары марапаттарының бірі – «Шәкәрім» медалін өңіріне тақса, бухгалтерлік есеп бөлімінің жетекші бухгалтері Назым Қажыбайқызы Қажыбаева Шәкәрім университетінің 90 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды. Ал радиоэкологиялық ғылыми зерттеулер орталығының жетекшісі Алексей Николаевич Кливенко Ресей Федерациясы Башқұрт әлеуметтік технологиялар институтының ЮНЕВОК орталығының сертификаты мен Алғыс хатына ие болды.

Марапат иелеріне құрмет көрсетіліп, олардың университеттің өркендеуіне, білім мен ғылым саласының дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру