Шәкәрім университетінде Minor бағдарламалары таныстырылды
Шәкәрім университетінде білім алушыларға арналған "Minor" бағдарламаларының таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында студенттерге қолжетімді бағыттар мен оқу мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды.
Minor – білім алушыларға негізгі білім беру бағдарламасына қатысы жоқ салаларда жаңа дағдыларды меңгеріп, қосымша білім алуға мүмкіндік беретін тиімді құрал.
Minor бағдарламалары білім алушылардың академиялық көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, олардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуына жол ашады.
Таныстырылым барысында қатысушылар бағдарламалардың мазмұны, оқу форматы және болашақтағы мүмкіндіктері туралы толық ақпарат алды.