Шәкәрім университеті білім алушылары мен «Фирма Азия» ЖШС өкілдерінің кездесуі
Шәкәрім университетінде «Фирма Азия» ЖШС өкілдерінің университеттің білім алушыларымен кездесуі өтті. Кездесуге 6В07302 – «Құрылыс», 6В07301 – «Геодезия және картография», 6В07501 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.
«Фирма Азия» ЖШС – Семей қаласындағы ірі құрылыс және өндірістік компаниялардың бірі әрі Шәкәрім университетінің серіктесі.
Кездесу барысында компания өкілдері өндірістік саладағы заманауи талаптар, кәсіби қызметтің ерекшеліктері және жұмыс берушілер тарапынан жас мамандарға қойылатын негізгі талаптар туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, білім алушылардың теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, кәсіби дағдыларын дамыту және еңбек нарығына бейімделу мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер университет пен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, білім алушылардың кәсіби бағдарын кеңейтуге және болашақ мамандардың практикалық даярлығын арттыруға мүмкіндік береді.
Шәкәрім университеті білім мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты дамыта отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті және кәсіби білікті мамандар даярлауға бағытталған практикалық оқыту мүмкіндіктерін жетілдіруді жалғастыра береді.