Жаңалықтар 24.06.2026 112

Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді

Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді

Шәкәрім университеті Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жоғары оқу орындарының қосқан үлесін бағалайтын беделді THE Sustainability Impact Ratings 2026 халықаралық рейтингінде бірнеше бағыт бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Жыл сайын Times Higher Education жариялайтын бұл рейтинг университеттердің академиялық беделі мен жарияланымдар санын ғана емес, олардың қоғамға, қоршаған ортаға және жаһандық сын-қатерлерді шешуге қосқан нақты үлесін бағалайды. Бағалау критерийлері кедейлікті азайту, сапалы білімге қолжетімділік, тұрақты инфрақұрылым қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік жауапкершілік секілді маңызды бағыттарды қамтиды.

Биыл Шәкәрім университеті БҰҰ-ның 17 Тұрақты даму мақсатының 15-і бойынша рейтингке ұсынылды. Бұл университеттің тұрақты даму қағидаттарын білім беру, ғылыми зерттеу және басқару жүйесіне жүйелі түрде енгізіп келе жатқанын айқындайды.

Рейтинг нәтижесінде университет «Сапалы білім беру» көрсеткіші бойынша – әлемдегі 1335 университеттің ішінде 401–600 орын, «Аштықты жою» – 731 университеттің ішінде 201–300 орын, – «Гендерлік теңдік» – 1095 университеттің ішінде 401–600 орын, «Тұрақты даму мүдделеріндегі әріптестіктер» – әлемдегі 1610 университеттің ішінде 801–1000 орын, ал «Лайықты жұмыс пен экономикалық өсу» бойынша 1003 университеттің ішінде 301–400 орыннан көрініп отыр.

Айта кетерлігі, Шәкәрім университеті Тұрақты даму мақсаттарының «Сапалы білім беру» көрсеткіші бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында үздік үштікке еніп, 3-орынды иеленді. Ал республика бойынша рейтингке қатысқан университеттер арасында үздік ондыққа еніп отыр.

Университеттің көрсеткіштері төмендегідей:

• ТДМ 1 – Кедейлікті жою – 601–800 орын

• ТДМ 3 – Денсаулық пен амандық – 801–1000 орын

• ТДМ 6 – Таза су және санитария – 601+ орын

• ТДМ 7 – Қолжетімді әрі таза энергия –401–600 орын

• ТДМ 10 – Теңсіздікті қысқарту – 601–800 орын

• ТДМ 11 – Тұрақты қалалар мен елді мекендер – 601–800 орын

• ТДМ 12 – Жауапты тұтыну мен өндіру – 401–600 орын

• ТДМ 13 – Климаттың өзгеруімен күрес – 401–600 орын

• ТДМ 15 – Құрлық экожүйелерін сақтау – 401–600 орын

• ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар – 801+ орын

THE Sustainability Impact Ratings – университеттің тек білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі оң өзгерістердің белсенді қатысушысы бола алатынын көрсететін халықаралық бағалау жүйесі.

Шәкәрім университетінің рейтингке енуі – сапалы білім беру тәжірибесін дамыту, өңірлік бастамаларды қолдау, халықтың осал топтарымен жұмыс жүргізу және инфрақұрылымды тұрақты даму қағидаттарына сай жаңғырту бағытындағы жұмыстарының халықаралық деңгейде мойындалуы.

Бұл нәтиже Тұрақты даму мақсаттарын университет қызметінің негізгі бағыттарына – ғылыми зерттеулерден бастап әлеуметтік жобаларға, ресурстарды тиімді басқарудан халықаралық серіктестікке дейін жүйелі енгізудің жемісі деуге болады.

Естеріңізде болса, 2025 жылы Шәкәрім университеті THE Sustainability Impact Ratings жаһандық рейтингіне алғаш рет енген болатын. Биылғы көрсеткіштер университеттің осы бағыттағы жұмысын жалғастырып, халықаралық деңгейдегі орны мен ықпалын нығайтып келе жатқанын көрсетеді.

Дереккөз: https://www.timeshighereducation.com/impactrankings

Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді
Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді
Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді
Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді
Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді
Шәкәрім университеті әлемдік рейтингте үздік нәтижелерге қол жеткізді

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру