Жаңалықтар 25.05.2026 66

ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Шәкәрім университетінде үшінші жыл кезекті рет «Сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты шарасы өтті. Балалық шақпен қоштасып, болашаққа қадам басқан Shakarim High School мектебінің «Алтын белгі» иегерлері, білім үздіктерінің жүзі балбұл жайнап, айналаны шуаққа бөледі.

Маңызы ерекше мерекелік шарада Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, мемлекеттік ту әкелінді. Ел ертеңіне деген сенімді еселеген көріністің куәсі болған ұстазар да, ата-аналар мен түлектер де бүгінгі күннің әсерін айқын сезінді.

Шәкәрім университетінің ректоры- Басқарма төрағасы Думан Орынбеков көпшілікті соңғы қоңырау мерекесімен құттықтай келе, университет базасынан ашылған Shakarim High School мектебінің басқа білім беру нысандарынан айырмашылығына тоқталды.

— Біздің Shakarim High School мектебі – заманауи талаптарға сай құрылған, болашаққа бағытталған жаңа форматтағы білім ордасы. Мектебіміздің алғашқы оқу жылы қазақтың бес арысының бірі, ұлы ойшыл, философ, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуі біз үшін ерекше тарихи әрі рухани мәнге ие болды. Сондықтан мектебіміз тек білім беру мекемесі ғана емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін рухани орталыққа айналып отыр. Қазіргі таңда мектебіміз үшінші оқу жылын табысты жалғастырып келеді. Бүгінде 10–11 сыныптарда 136 оқушы білім алуда. Биылғы оқу жылында бірнеше оқушымыз «Алтын белгі» мен «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Бұл – ұстаздар мен оқушылардың жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Біздің басты мақсатымыз – әлемдік деңгейде ойлайтын, көптілді, білімді, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген тұлға қалыптастыру. Бүгінгі таңда мектеп тек білім беретін орын ғана емес, оқушының қабілетін ашатын, өмірге бейімдейтін орта болуы тиіс. Сондықтан біз балаларға академиялық біліммен қатар сыни ойлау, цифрлық сауаттылық, зерттеушілік, көшбасшылық және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға басымдық береміз,-деді Д. Орынбеков.

Бұл замануи талаптарға толықтай сай мектепте 10-11 сыныптағы 136 оқушылары білім алуда. 2025-2026 оқу жылында Shakarim High School мектебінің «Алтын Белгі» белгісіне 7 оқушы, «Үздік» аттестат белгісіне 7 оқушы лайық болып отыр.

-Мектебіміздің басты ерекшелігі – университет базасында құрылуы. Бұл оқушыларға ғылыммен ерте жастан айналысуға мүмкіндік береді. Шәкәрім университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы, жас ғалымдары мен PhD докторлары арнайы дәрістер өткізіп, ғылыми зертханаларда практикалық сабақтар ұйымдастырады. Осы арқылы оқушылар ғылым мен білімнің байланысын терең түсінеді. 2024 жылы 221 балаға «Шәкәрім білім гранты» сертификаты берілсе, биыл облысымыздың 434 «Алтын белгі» иегеріне сертификат табысталды. Биылғы соңғы қоғңырауда 68 түлек мектеп қабырғасынан қанат қаққалы отыр. Оның 7-і «Алтын белгіге», 7-і үздік аттестатқа үміткер,-дейді мектеп директоры Бақыт Сейітқалиева.

ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
ШӘКӘРІМ БІЛІМ ГРАНТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру