Ғылым 07.04.2026 160

Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс

Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс

Ғылым онкүндігі аясында Шәкәрім университетінде PhD, Қырғызстандағы «Манас» Қырғыз-Түрік университетінің доценті Жылдызай Өзбекованың "Азық-түлік қауіпсіздігі: негіздері, принциптері және практикалық қолданылуы" («Food Safety: Fundamentals, Principles, and practical Applications») тақырыбындағы ашық дәрісі өтті.

Ашық дәрістің негізгі мақсаты – тағам қауіпсіздігінің заманауи талаптары мен халықаралық стандарттары туралы жан-жақты түсінік беру, сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелерді талқылау болды.

Дәріс барысында спикер тағам қауіпсіздігіне қатысты негізгі қауіп түрлеріне тоқталып, олардың ішінде биологиялық қауіптердің басым екендігін атап өтті. Сонымен қатар, микроорганизмдердің өсуіне әсер ететін факторлар, айқаспалы ластану (перекрестное загрязнение), тәуекелдерді басқару мәселелері кеңінен қарастырылды.

Халықаралық стандарттар мен жүйелерге ерекше назар аударылып, тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралдары түсіндірілді. Сонымен қатар Азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы KPI көрсеткіштерінің рөлі де сөз болды.

Спикер тағам өндірісіндегі жаңа үрдістерге де тоқталып, өнім сапасын сақтауда қолданылатын термиялық емес өңдеу әдістерінің маңызын атап өтті.

Дәрісте тақырыптың өзектілігі де жан-жақты негізделді. Қазіргі таңда азық-түлік өнімдерінің жаһандық саудасының артуы, жеткізу тізбектерінің күрделенуі, жаңа патогендердің пайда болуы, антибиотиктерге төзімділіктің күшеюі және климаттың өзгеруі тағам қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды одан әрі күшейтіп отыр.

Сондай-ақ «фермадан дастарқанға дейін» тұжырымдамасы аясында тағам қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді тәсілі түсіндірілді. Бұл қағида өнімнің өндірістен бастап тұтынушыға жеткенге дейінгі барлық кезеңдерінде бақылау жүргізудің маңыздылығын көрсетеді.

Ашық дәріс білім алушыылар мен оқытушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Қатысушылар тағам қауіпсіздігі саласындағы заманауи талаптармен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс
Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс
Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс
Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс
Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс
Қауіпсіздік қағидаттары қамтылған дәріс

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру