Жаңалықтар 19.08.2026 169

Профессор ғылыми атағы берілді

Профессор ғылыми атағы берілді

PhD Жандос Төлеубекұлы Мукаевқа 10400 – «Жер туралы және қоршаған орта ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 12 тамыздағы № 593 бұйрығына сәйкес берілген бұл атақ ғалым еңбегінің лайықты бағасы деп білеміз.

Құрметті Жандос Төлеубекұлы!

Бұл жоғары мәртебе — Сіздің ғылым жолындағы табанды еңбегіңіздің, терең біліміңіз бен кәсіби шеберлігіңіздің, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан зор үлесіңіздің еленгені. Сіз көптеген шәкірт тәрбиелеп, ғылым мен білімнің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіз.

Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру