Профессор ғылыми атағы берілді
Физика-математика ғылымдарының докторы, Гүлназ Еженханқызы Берікхановаға 10100 – Математика ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы №196 бұйрығына сәйкес берілген бұл атақ ғалым еңбегінің лайықты бағасы деп білеміз.
Құрметті Гүлназ Еженханқызы!
Бұл жоғары мәртебе — Сіздің ғылым жолындағы табанды еңбегіңіздің, терең біліміңіз бен кәсіби шеберлігіңіздің, сондай-ақ отандық ғылымды дамытуға қосқан зор үлесіңіздің еленгені. Сіз көптеген шәкірт тәрбиелеп, ғылым мен білімнің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіз.
Сізге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестер тілейміз!