«Өзіңе бір сәт: менталдық аялдамалар» – психологиялық саулыққа бастар қадам
10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай Шәкәрім университетінің Психологиялық қолдау қызметі орталығы «Өзіңе бір сәт: менталдық аялдамалар» атты іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты – студенттер мен университет қызметкерлеріне қолжетімді психологиялық кеңістік құру, психикалық денсаулыққа саналы көзқарас қалыптастырып, эмоционалдық саулықтың маңыздылығын насихаттау. Шараға Shakarim High School мектебінің оқушылары мен университет қызметкерлері қатысты.
Іс-шара аясында ұйымдастырылған бірнеше «менталдық аялдамада» «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысушыларға психологиялық бағыттағы түрлі жұмыстар ұсынып, өзара қарым-қатынас орнатуға, көңіл күйді түсінуге және өзіне уақыт бөлудің маңыздылығына назар аударуға мүмкіндік берді.
«Өзіңе бір сәт» бастамасы қатысушыларға күнделікті қарбаластың арасында өз сезімдеріне үңіліп, ішкі ресурстарды қалпына келтіруге, психологиялық саулыққа көңіл бөлудің маңызын түсінуге бағытталды. Мұндай іс-шаралар психологиялық қолдау мәдениетін дамытуға, өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді