Жаңалықтар 27.03.2026 48

«Конституциялық реформалар: жастар көзқарасы»

«Конституциялық реформалар: жастар  көзқарасы»

Шәкәрім университеті базасында «Конституциялық реформалар: жастар көзқарасы» тақырыбында печа-куча форматында мазмұнды жиын өтті. Іс-шара барысында Конституциялық реформалардың мәні мен олардың қоғам өміріне ықпалы жастардың көзқарасы тұрғысынан жан-жақты қарастырылды.

Кездесу барысында реформалардың негізгі мақсаттары, олардың демократиялық даму, әлеуметтік әділеттілік пен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлі кеңінен талқыланды. Сондай-ақ жастардың саяси және азаматтық белсенділігі, қоғамдық өзгерістерге қатысуы, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізу мәдениеті басты назарға алынды.

Жиынды үйлестіруші, Шәкәрім университетінің Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы, PhD докторы, қауымдастырылған профессор Арайлым Оразғалиева басқосудың маңыздылығына тоқталып, Конституциялық реформалардың қоғамдағы және жастар өміріндегі рөліне ерекше назар аударды. Ол жиынның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық санасын қалыптастыру мен ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру екенін атап өтті.

Алғашқы сөз кезегі "ERTIS REGION" қоғамдық қоры атқарушы директоры Әліби Абдураимовқа берілді. Ол өз сөзінде Ата Заң аясында азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің күшейтілгенін атап өтіп, Конституциялық өзгерістердің қоғамдағы әділеттілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі маңызын жеткізді.

Келесі болып Семей қаласының студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының штабы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрасыл Елубаев сөз сөйлеп, жаңа Конституцияның Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына серпін беретінін айтты. Ол Қазақстанның Халық кеңесі сияқты институттардың рөлін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы бастамаларға тоқталды.

Жиын барысында Ата Заңның жас ұрпақ үшін бағыт-бағдар беретін негізгі құндылық екені ерекше айтылды. Бүгінде мыңдаған қазақстандық студенттердің шетелде білім алып жатқаны, олардың ел болашағына үлес қосатын білікті маман болып қалыптасуы – Конституциялық реформалардың нәтижелі жүзеге асуымен де байланысты екені тілге тиек етілді.

Абай облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Олжас Бейсенбай өз сөзінде:

«Ата Заң – заңдардың заңы. Барлық құқықтық жүйе осы Конституциядан бастау алады. Біз халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде өз егемендігімізді нығайтып, мыңжылдық тарихы бар мемлекет екенімізді айқындап отырмыз. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты – жастарды қоғамдық өмірге, мемлекеттік басқару ісіне кеңінен тарту. Абай облысы құрылғаннан бері жастар саясатын дамытуға ерекше мүмкіндік беріліп келеді»- деп атап өтті.

Жиын қорытындысында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салып, Конституциялық реформалардың маңызын терең түсіну, сондай-ақ,елдің болашағына ортақ жауапкершілік қалыптастыру бағытында ой бөлісті.

«Конституциялық реформалар: жастар  көзқарасы»
«Конституциялық реформалар: жастар  көзқарасы»
«Конституциялық реформалар: жастар  көзқарасы»
«Конституциялық реформалар: жастар  көзқарасы»
«Конституциялық реформалар: жастар  көзқарасы»
«Конституциялық реформалар: жастар  көзқарасы»

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру