Жаңалықтар 23.02.2026 203

Ғылыми-танымдық кеш

Ғылыми-танымдық кеш

2026 жылғы ақпанның 23 күні Шәкәрім университеті жанындағы Шәкәрімтану ғылыми орталығында белгілі қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Ерлан Сыдықовтың 70 жылдық меретойына орай «Академик Ерлан Сыдықов және шәкәрімтану мәселелері» атты ғылыми-танымдық кеш өтті.

Осы ғылыми-танымдық шараға Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков, Шәкәрімтану ғылыми орталығының басшысы Тұрдықұл Шаңбай, Шәкәрім ғылыми музейінің жетекшісі Гүлнұр Төртенова,«Shakarim High School» мектебі директорының орынбасары Ернар Каженов және аталған мектептің оқушылары қатысты. Алдымен сөз алған Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков:

«Қадірменді әріптестер, құрметті «Shakarim High School» мектебінің оқушылары! Біз бүгін Сіздермен Шәкәрім ғылыми музейінде болашаққа бағдар болар, ерекше мәнді шығармашылық кеште бас қосып отырмыз. Биыл белгілі қоғам қайраткері, көрнекті ғалым, академик, Лев Гумилев атындағы Ұлттық университеттің ректоры Ерлан Сыдықов 70-ке толып отыр. Қазақ Елі өзінің ардақты ұлының мерейтойын кеңінен атап өтетіні сөзсіз. Ал, осы мерейлі қуанышқа орай өтіп жатқан шараға «Shakarim High School» мектебінің оқушыларымен бас қосып отыруымыздың өзі де кездейсоқтық емес. Қадірменді ағамыз Ерлан Бәтташұлы көп жылдар осы Шәкәрім университетінің ректоры болды. Біздің университеттің танымал жоғары оқу орны болуына сіңірген еңбегі орасан.Сондықтан, «Shakarim High School» мектебінің оқушыларына осындай еліміздің мақтанышы болып отырған ағаларын үлгі етіп, құрмет көрсетейік» деп шештік деді.

Сондай-ақ, Думан Рымғалиұлы Астанада бірге жұмыс істегенін, министрлікте де тікелей байланыста болғанын, Ерлан Бәтташұлы өзінің пассионарлық қуатымен жол көрсеткенін кең таратып айтып берді.

Одан әрі Шәкәрімтану ғылыми орталығының басшысы Тұрдықұл Қасенұлы сөз алып:

«Академик Ерлан Бәтташұлының басшылығымен шәкәрімтану ғылымы саласында көп нәтижеге жеттік. Алғаш, «Шәкәрім» журналы жарық көрді. Жеті томдық «Шәкәрімтану мәселелері» сериялық ғылыми жинағы жарық көрді. «Шәкәрім» тұлғалық энциклопедиясы қазақ мәдениетінде өзгеше құбылыс болып тарихта қалды. Ерлан Бәтташұлының Мәскеуден "Ұлы адамдардың өмірі" (ЖЗЛ – Жизнь замечательных людей) сериясымен «Шәкәрім» атты еңбегі жарық көрді. Бүгінде біз Ерағаң салған сара жолмен еңбек етіп жатырмыз»- деп түйіндеді.

Шәкәрім музейінің жетекшісі Гүлнұр Төртенова келушілерді академик Ерлан Сыдықовтың шығармашылығына арналған көрмемен таныстырды.

«Shakarim High School» мектебі директорының орынбасары Ернар Каженов Шәкәрімтану ғылыми орталығымен тығыз байланыста екенін және оқушылардың «Шәкәрім ғылыми музейіне» құштарлықпен келетінін жеткізді.

Ғылыми-танымдық кеш
Ғылыми-танымдық кеш
Ғылыми-танымдық кеш
Ғылыми-танымдық кеш
Ғылыми-танымдық кеш
Ғылыми-танымдық кеш
Ғылыми-танымдық кеш
Ғылыми-танымдық кеш

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру