Жаңалықтар 24.08.2026 45

Ғылыми тағылымдама: Тарым университеті зерттеушілерге жаңа мүмкіндік ұсынады

Ғылыми тағылымдама: Тарым университеті зерттеушілерге жаңа мүмкіндік ұсынады

Құрметті әріптестер!

Қытайдағы Тарым университетінде (Tarim University) ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.

Тарым университеті – 1958 жылы құрылған Қытайдың мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі. Университет құрамында 21 институт бар. Бүгінде мұнда 34 мыңнан астам студент білім алып, 1 800-ден астам оқытушы мен қызметкер еңбек етеді. Университетте бакалавриат бойынша 94 білім беру бағдарламасы, сондай-ақ магистратура мен докторантура бағдарламалары жүзеге асырылады.

Ғылыми тағылымдама ғалымдарға, зерттеушілерге және профессор-оқытушылар құрамына арналған.

Тағылымдаманың ұзақтығы – 1 айдан 3 айға дейін.

Негізгі ғылыми-білім беру бағыттары:

ауыл шаруашылығы ботаникасы;

• ресурстарды пайдалану және өсімдіктерді қорғау;

• бау-бақша шаруашылығы;

• ветеринария;

• мал шаруашылығы;

• биотехнология және биоинженерия;

• тағамтану және тағам инженериясы;

• агроинженерия және ақпараттық технологиялар;

• агроинженерия – ауыл шаруашылығын механикаландыру және ауыл шаруашылығы техникасы инженериясы, ауыл шаруашылығының биологиялық жүйелері инженериясы;

• агроинженерия – ауыл шаруашылығы су және топырақ инженериясы;

• агроинженерия – ауыл шаруашылығы ақпараты және электротехника инженериясы;

• гидротехника;

• экологиялық инженерия (Энвироническая инженерия);

• электрондық ақпарат;

• аграрлық- орман экономикасын басқару;

• аграрлық басқару;

• тоқыма инженериясы;

• аударматану (қытай-ағылшын тілі);

• биология – зоология, ботаника, микробиология, биохимия және молекулалық биология;

• ботаника – ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру және топырақты өңдеу, ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру жүйесі және экологиялық инженерия.

Тағылымдама шарттары:

тағылымдамадан өту – тегін;

тұру – тегін;

әуе билеті және жеке шығындар – қатысушының есебінен;

ұзақтығы – 1 айдан 3 айға дейін.

Кандидатураны алдын-ала қарау үшін төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:

CV / түйіндеме – білімі, ғылыми және кәсіби тәжірибесі, жарияланымдары мен зерттеу бағыттары көрсетілуі тиіс;

• паспорттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі;

• тағылымдама үшін таңдалған ғылыми бағыт немесе зерттеу саласы.

Кандидаттарға тағылымдама бағытын қазіргі ғылыми-зерттеу қызметіне, жарияланымдарына және кәсіби тәжірибесіне барынша сәйкес таңдауға кеңес беріледі.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі – 15 қыркүйек.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру