Ғылым 18.02.2026 283

Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі

Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі

Ғылыми тағылымдама – зерттеушілердің, жас ғалымдардың кәсіби деңгейін көтеруге бағытталған тәжірибелік және ғылыми даму кезеңі.

Осы тұрғыда Шәкәрім университеті халықаралық ынтымақтастық аясында білім алушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді және жүйелі жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді. 2026 жылдың 12 қаңтары мен 16 наурызы аралығында бірқатар докторанттар Қырғызстан, Ресей және Армения жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанттары Мәдина Бегалы, Жұлдыз Токанова – И.Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті (Бішкек қ., Қырғызстан) зертханаларында балалар тағамы өндірісінің қазіргі жағдайын анықтау, етті ферментативті және механикалық өңдеу әдістерін меңгеру, ферменттік препараттарды 0,1 % дозада қолданудың тиімділігін зерттеу, физика-химиялық, биохимиялық және органолептикалық көрсеткіштерге бағалау жүргізу бойынша;

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының 3 курс докторанты Дамир Дүкенбаев – Кемерово мемлекеттік университетінің (Кемерово қ., Ресей федерациясы) оқу-ғылыми зертханалары базасында сұйық тамақ өнімдерін қоюлату және пастерлеу кезінде қолданылатын негізгі технологиялық процестерді, термиялық өңдеудің тиімділігі мен дайын өнімнің сапасына әсер ететін өнімнің құрылымдық-механикалық сипаттамаларын анықтау бойынша;

«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасы 1 және 2 курс докторанттары Нұргелді Айманбетов пен Қуаныш Молдақашев – Ереван мемлекеттік университетінің Биология ғылыми-зерттеу институтында (Ереван қ., Армения) лигноцеллюлоза қалдықтарын анаэробты ашыту арқылы биоөнімдерді (биосутек, биоэтанол, биомасса және т.с.с.) өндіру бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Ғылыми тағылымдаманың негізгі мақсаты – докторанттардың зерттеу бағыттарын тереңдету, шетелдік жоғары оқу орындарындағы ғылыми мектептер мен заманауи зерттеу әдістерін игеру, ғылыми жобаларға белсенді қатысу арқылы кәсіби құзыреттерін дамыту және халықаралық ғылыми ықпалдастықты күшейту.

Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі
Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі
Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі
Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі
Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі
Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі
Ғылыми тағылымдама – кәсіби дамудың жаңа мүмкіндігі

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру