«Діни сауаттылық – қоғам тұрақтылығының кепілі»
Шәкәрім университетінде «Діни сауаттылық – қоғам тұрақтылығының кепілі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты арттыру, дұрыс діни білімді насихаттау және жалған ақпараттың алдын алу.
Аталған іс-шараға Шәкәрім жоғары колледжінің білім алушылары қатысты. Кездесу барысында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында Абай облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Дархан Садыков және Шәкәрім университетінің Ахуалдық басқару бөлімінің басшысы Серікжан Қапанов жастармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар дін саласындағы жалған ақпараттың таралу қаупіне назар аударып, сенімді ақпарат көздерін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті
Сондай-ақ, дәріс барысында білім алушылар «терроризм» және «экстремизм» ұғымдарымен танысып, олардың қоғамға тигізетін кері әсері туралы ақпарат алды. Террористік қатерлердің алдын алу, қоғамдық орындарда қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдай кезінде дұрыс іс-қимыл жасау мәселелерін де қамтыған дәріс кезінде жастарға күдікті заттар анықталған жағдайда немесе террористік қауіп туындағанда қандай әрекеттер жасау қажет екені егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Кездесу барысында білім алушылар өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды. Іс-шара жастардың діни сауаттылығын арттыруға, жалған ақпартпен күреске бағытталды.