Мазмұнға өту
Жаңалықтар 11.10.2026 39

Бір мақсат, ортақ арман: Шәкәрім университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті

Бір мақсат, ортақ арман: Шәкәрім университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті

Шәкәрім университетінде дәстүрлі «Студенттік ұйымдар жәрмеңкесі» ұйымдастырылды. Жастардың басын қосқан жарқын іс-шара әсем әуенге, қызықты таныстырылымдарға, шығармашылық көрмелер мен естелік фотосуреттерге толы болды. Жәрмеңке студенттерге университет өмірінің сан қырын танып, өз қызығушылықтарына сай орта табуға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында студенттік ұйымдар өздерінің қызмет бағыттарын, жетістіктері мен бастамаларын таныстырып, бірінші курс студенттерін өз қатарларына қосылуға шақырды. Әр ұйымның өзіндік ерекшелігі мен мақсаты қатысушылардың қызығушылығын оятып, студенттік өмірді мазмұнды өткізудің жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Университеттің Студенттік ректораты құрамында түрлі бағытты қамтитын 12 ұйым жұмыс істейді. Олардың қатарында жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға әрі қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған бірлестіктер бар. Студенттік ұйым қатарына мүше болған әр білім алушы өз қабілетін танытып, тың идеяларын жүзеге асырып, өмірлік маңызды тәжірибе жинақтай алады.

Студенттік ұйымдардың негізгі мақсаты — жастардың азаматтық-патриоттық ұстанымы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, білім алушыларды әлеуметтік қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау. Осы бағыттағы жұмыстар студенттердің жан-жақты дамуына, белсенді азаматтық көзқарасының қалыптасуына ықпал етеді.

Жәрмеңкеге қатысқан бірінші курс студенттері ұйым өкілдерімен танысып, өздерін қызықтырған бағыттар туралы мәлімет алды. Бұл кездесу оларға жаңа ортаға бейімделіп қана қоймай, университеттің қоғамдық және шығармашылық өміріне белсене араласуға жол ашатыны анық.

Өйткені студенттік шақ жаңа достар табатын, қабілетіңді шыңдайтын, арманыңды нақты мақсатқа айналдыратын ерекше кезең десек, студенттік ұйымдар – сол кезеңді ұмытылмас естеліктер мен жарқын жетістіктерге толтыруға мүмкіндік беретін орта.

Бір мақсат, ортақ арман: Шәкәрім университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті
Бір мақсат, ортақ арман: Шәкәрім университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті
Бір мақсат, ортақ арман: Шәкәрім университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті
Бір мақсат, ортақ арман: Шәкәрім университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті
Бір мақсат, ортақ арман: Шәкәрім университетінде студенттік ұйымдар жәрмеңкесі өтті

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру