«ADOS-2 практикада: «Асыл Мирас» орталығының тәжірибесі»
3 ақпан күні Шәкәрім университетінің педагогика және психология кафедрасы Инклюзивті білім беруді дамыту-ресурстық орталығы базасында Абай облысы білім басқармасының «Асыл Мирас» аутизмі (аутистік спектрдің бұзылуы) бар балаларды қолдау орталығының тәжірибелі мамандары: әдіскер-диагност, педагогика және психология магистрі З.С.Қадылбекова, педагог-психолог, дефектология магистрі А.Б.Жакупованың қатысуымен «ADOS-2 практикада: Асыл Мирас орталығының тәжірибесі» шеберлік сабағы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ADOS-2 диагностикалық әдістемесін практика жүзінде қолдану үдерісін жан-жақты көрсету, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби диагностикалық құзыреттілігін, бағалау дағдыларын дамыту.
Іс-шараға педагогика және психология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы мен «Мектепке дейінгі білім беру және балалар психологиясы», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының білім алушылары қатысты.
Мамандар ADOS-2 әдістемесінің ғылыми негізі, практикалық қолданылуы және аутизм спектрі бұзылыстарын ерте анықтаудағы маңызы туралы кеңінен айтып, ADOS-2 әдістемесінің құрылымымен, оны қолдану ерекшеліктерімен және диагностикалық нәтижелерді интерпретациялау жолдарымен танысты. Сабақ барысында нақты мысалдар мен тәжірибелік тапсырмалар ұсынылып, студенттер әдістемені қолдану процесіне тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, студенттердің сұрақтарына жауап беріп, болашақ кәсіби қызметте кездесетін нақты жағдайларға тоқталды.
Аталған шеберлік сағаты студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға, заманауи диагностикалық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға және инклюзивті білім беру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді.
«Асыл Мирас» орталығының мамандарына Инклюзивті білім беруді дамыту-ресурстық орталығының жұмысы таныстырылды.