BR28712491 «Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық, лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу: цифрлық интеграция және этнотуризм».

2025-2027 36 ай SDG #11 SDG #11

Жоба жетекшісі

Курмамбаева Карлығаш Солтанбековна («Шәкәрім университеті» КеАҚ, аға оқытушы, филология ғылымдарының кандидаты)

Өзектілігі

Бағдарлама тақырыбы – бүгінге дейін қолданбалы форматта зерттеу объектісіне ілінбеген, бірегей тақырып. Шәкәрім мұрасының Шәкәрім университетінің базасында зерттеу объектісіне ілінуі тегін емес. Себебі университетке 1993 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі берілген. Шәкәрім университеті мен басқа коллаборатор ғылыми ұйымдардың мамандарын жұмылдыра отырып, Шәкәрім мұрасын жаңа қырынан зерттеу арқылы тың ғылыми нәтижелерге қол жеткізу, нәтижелермен әлемдік деңгейде бөлісу, ақын мұрасын цифрландыру және бүгінгі таңға дейін жасалмаған «Шәкәрім театр-музейін» жасақтап, кейінгі ұрпаққа ұсыну бағдарламаның басты жаңалығы болып табылады.

Мақсаты

Ғұлама ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық және лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу арқылы цифрлық интеграцияда ұсыну және Ұлылар еліндегі (Абай облысы) этнотуризмді дамытудың оңтайлы әдістемелерін ұсыну.

Күтілетін нәтиже

1 Тікел1 Тікелей нәтижелер:

Бағдарламаның нәтижелері бойынша келесі нәтижелер алынуға тиіс:

1.1 Шәкәрім Құдайбердіұлының ғұмырнамасы мен шығармашылық мұрасы, шәкәрімтануға қатысты барлық зерттеулер жинақталып, кешенді зерттеу нәтижесінде ғылыми-зерттеу материалдары, дижитал форматта инфографикалық оқу құралы, хронологиялық карта жасалды;

1.2 Шәкәрім әндері мен күйлерінің қазақ музыка өнері мен музыкатану ғылымындағы орны айқындалып, жойылу қаупінде тұрған Шәкәрім әндері мен күйлері цифрлық форматқа көшіріліп, қазақ музыка қорына табысталды;

1.3 Шәкәрім мұрасын сақтау мақсатында Абай музейінің қорында сақталған Ахат Шәкәрімұлы қолжазбалар коллекциясы цифрландырылып, сандық форматқа көшірілді;

1.4 «Саятқора» географиялық елді мекеніне тарихи-этнографиялық зерттеулер жүргізіліп, туристтерге арналған сапалы 3D форматындағы виртуалды экскурсиялар мен фотогаллерея әзірленді;

1.5 Шәкәрімтану бағытында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде «Шәкәрім және Алаш», «Шәкәрім және қазақ баспасөзі», «Шәкәрім және дін», «Үш анық» шығармасының ғылыми-теориялық негіздемесі», Ар ілімі» - дидактикалық, әдістемелік оқу құралы» тақырыптағы ғылыми монографиялар және «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегі негізінде цифрлық энциклопедия, «Шәкәрім тілінің сөздігі» дайындалып, қазақ тілі ұлттық корпусының Шәкәрім мұрасына арналған кіші корпусы әзірленді.

2 Күтілетін кешенді нәтижелер:

Шәкәрімтану бағытында жүргізілген кешенді зерттеулер мен экспедиция нәтижесі ретінде тарихи ескерткіштерді қалпына келтіру, қорғау және сақтау турасында анықтамалар мен туристерге арналған виртуалды экскурсия, 3D карта, инфографика материалдары, 3D турлар, эксклюзивті брендтер, фотогаллерея т.б. өнімдер әзірленіп, Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын кешенді зерттеу нәтижелері бойынша мәдени-танымдық «Shakarim.kz» сайты әзірленді.

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жариялануға тиіс:

1) Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index дерекқорларында индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда кемінде 6 (алты) мақала немесе шолу.

2) ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда кемінде кемінде 8 (сегіз) мақала.

3) Өтініш беруші ұйымның Ғылыми кеңесі және (немесе) Ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған шетелдік және (немесе) қазақстандық баспаларда жарияланған кемінде 1 (бір) монография немесе оқу құралы.

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген зияткерлік меншіктің кемінде 1 (бір) патент немесе 2 (екі) авторлық куәлік.

5) Шәкәрім Құдайбердіұлының көзі тірісінде 1911 жылы Орынборда жарық көрген «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық кітабы», 1912 жылы Семейде жарық көрген «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», 1924 жылы «Дубровский әңгімесі» аудармасы кітаптарының репринттік басылымы жарияланды;

6) Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген кемінде 3 (үш) патент немесе 5 (бес) авторлық куәлік алынды.

7) Мәдени-танымдық «Shakarim.kz» сайты іске қосылады.

3. Түпкілікті нәтиже:

Бағдарлама нәтижесінде шәкәрімтану бағытында әзірленген ғылыми-зерттеулер, цифрлық өнімдер мен 3D турлар, виртуалды экскурсиялар, фотогалерея мен ID карталар Қазақстанның тарихи, мәдени ландшафттық әлеуетін арттыруға, Ұлылар мекеніндегі этнотуризмнің дамуына, әлеуметтік сананың интеллектуалды, рухани-моральдық, ғылыми-танымдық, мәдени-танымдық, бір сөзбен айтқанда өркениеттік потенциалын көтеруге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.

Қол жеткізілген нәтиже

- Зерттеу нәтижесінде Шәкәрім мұрасының салалық дерекқор базасы қалыптасады. Дерекқор базасы негізінде хронологиялық карта әзірленді.

Күнтізбелік жоспардың осы бөліміне сәйкес жоба орындаушылары тарапынан Астана қаласындағы Ұлттық Ғылым Академиясы кітапханасына, Алматы қаласындағы Ұлттық кітапхана, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтына деректер жинау үшін ғылыми іссапар жүзеге асырылып, Шәкәрім Құдайбердіұлының ғұмырнамасына қатысты ғылыми-зерттеулер мен баспа өнімдері бойынша библиографиялық және тақырыптық көрсеткіштер жинақталды. Жоба орындаушылары тарапынан Семей қаласындағы Абай мемориалдық-қорық музейінің қорындағы материалдар топтастырылды. Сондай-ақ, Шәкәрім университетінің «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығының қорында жинақталған ғылыми еңбектер сараланды. Қол жеткізген ғылыми еңбектердің барлығы топтастырылып, жүйеленіп, Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын философиялық, діни, әдеби, тарихи көзқарастарын сипаттайтын библиографиялық көрсеткіштің қолжазба нұсқасы әзірленді. Аталған көрсеткіш ақын мұрасының зерттелу тарихын кезеңдерге бөліп, монографиялар, мақалалар, конференция материалдары, энциклопедиялық және анықтамалық басылымдар және т.б. ғылыми еңбектермен толықтырылды. Бұдан бөлек, шәкәрімтану бағытындағы сериялық ғылыми жинақтар, конференция материалдары, тұлғалық энциклопедиялар мен «Шәкәрім әлемі» сериясындағы еңбектер мазмұны сараланып, ғылыми айналымдағы дереккөздердің бүгінге дейінгі толық тізбесі нақтыланды. Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармашылық эволюциясын ашатын ғұмырнамалық зерттеулер, архивтік материалдарға сүйенген еңбектер, оның ішінде қолжазбалар мен тарихи-деректік сипаттағы басылымдар жеке топтама ретінде белгіленді. Әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық және лингвистикалық бағыттағы зерттеулер бөлек айдарлармен жіктеліп, шәкәрімтанудың негізгі ғылыми бағыттары мен кезеңдері көрсетілді. Зерттеулерде пайдаланылған мұрағаттық деректер, қолжазбалар, аудио-видео материалдарға жасалған сілтемелер мүмкіндігінше толық тіркеліп, олармен жұмыс істеуге арналған анықтамалық база қалыптастырылды. Нәтижесінде Шәкәрім Құдайбердіұлының ғұмырнамасына, шығармашылық мұрасына және оны кешенді зерттеуге арналған әдебиеттердің құрылымды библиографиялық көрсеткіштің қолжазба нұсқасы жасалды. Бұл жинақ жобаның зерттеу кезеңдерінде архивтік ізденістерді тереңдетуге, сондай-ақ шәкәрімтану бойынша әдеби-ғылыми шолулар мен аналитикалық зерттеулерді әзірлеуге негіз болатын дерекқор қызметін атқарды.

Библиографиялық көрсеткіш негізінде Шәкәрім Құдайбердіұлының ғұмырнамасы мен шығармашылық мұрасын кезеңдік ретпен жүйелеп, классификациялаған, шәкәрімтану саласының базалық дерекқоры қызметін атқаратын «Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы: хронологиялық карта» атты сандық форматтағы ғылыми-анықтамалық хронологиялық карта әзірленді. Аталған өнім ақынның өмірбаяндық деректерін, шығармашылық эволюциясын және ғылыми айналымға енген материалдарын бірізді құрылымға келтіріп берді. Хронологиялық картада ақынның 48 өлең топтамасы, 3 поэмасы, 5 аудармасы, 6 прозалық шығармасы, 24 мақаласы, «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық», «Мұсылмандық кітабы» еңбектері, әндері және күйлері хронологиялық ретпен көрсетілген. Классификация 1911 жылы жарық көрген алғашқы жазбадан бастап 2025 жылы жарық көрген А.Смағұлованың соңғы зерттеу мақаласына дейінгі шәкәрімтануға қатысты барлық ғылыми-зерттеу еңбектерін жинақтау, жүйелеу және сараптау негізінде жүзеге асырылды.

- ҒЖБССҚК тізіміне енетін басылымдарда 2 (екі) мақала жарияланды.

Күнтізбелік жоспардың осы бөліміне сәйкес жоба орындаушылары тарапынан Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасы бойынша ғылыми дерекқорлар мен басылымдардан жиналған материалдарға терең ғылыми сараптама жүргізілді. Атап айтқанда, ақын өмір сүрген кезеңнің тарихи-мәдени, қоғамдық, әлеуметтік ерекшелігі замандас тұлғалардың шығармашылығы мен ойлары негізінде паралелльдік тұрғыдан қырыстырылып, жоба орындаушысы тарапынан ҒЖБССҚК тізіміне енетін басылымға «Есенғали Раушановтың «1932 жыл. Қазақстан» өлеңінде Аштық зұлматының бейнеленуі» мақала ұсынылып, Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы, филология сериясының №3 санында жарық көрді.

Сонымен қатар Шәкәрім шығармаларындағы тілдік, лингвокогнитивтік, лингвокультурологиялық және бағалау семантикасына қатысты зерттеулер жүйелі түрде талданды. Жинақталған материалдар Шәкәрім тілінің құрылымдық-семантикалық табиғатын, прецедентті бірліктердің көрінісін, ұлттық дүниетаныммен байланысын анықтауға бағытталды. Сараптама барысында Шәкәрім шығармаларынан алынған тілдік бірліктердің мазмұндық ерекшеліктері, бағалауыштық лексикасы, тезаурустық қыры, концептологиялық сипаты айқындалды. Тіл біліміндегі жаңа бағыттарға сәйкес, мақалаларда қолданылған салыстырмалы, сипаттамалы, прагмалингвистикалық, этнолингвистикалық әдістер толық қарастырылып, олардың нәтижелері сараптамаға енгізілді. Жиналған ғылыми деректер негізінде Шәкәрім шығармаларының лингвистикалық әлеуетін ашатын үш ғылыми мақала әзірленіп, өңделіп, отандық ғылыми басылымдарға жіберілді. Мақалалардың бірі – Шәкәрім мұрасындағы бағалау лексикасының лингваксиологиялық табиғатын талдауға арналса, екіншісі – Шәкәрім шығармаларындағы прецедентті құбылыстардың тілдік көрінісін саралайды, ал үшіншісі – Шәкәрім шежіресінде орын алатын жер-су атауларының тезаурустық ерекшелігін анықтауға бағытталды. 2 мақала да ҒЖБССҚК тізіміне енетін журналдардың талаптарына сай рәсімделіп, журналдың техникалық, құрылымдық және мазмұндық талаптары мен рецензиялаудан өтіп, жариялауға ұсынылды. Растау құжаттары ұсынылды.

1. Аймұхамбет Ж.Ә. Есенғали Раушановтың «1932 жыл. Қазақстан» өлеңінде Аштық зұлматының бейнеленуі. // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. Филология сериясы. – 2025. - №4. - ББ. 117-126. DOI https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.09

Жарияланды: 30 қыркүйек 2025ж.

2. Төлебаева Қ.Т., Дәуренбекова Л. Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларындағы прецендентті құбылыстардың тілдік көрінісі // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. Филология сериясы. - 2025. - №4 бөлімінде жарияланады.

- Шәкәрім әндері мен күйлерінің республикалық деректер базасында сақталған нұсқалары жинақталып, Абай музейіндегі ескі таспалардағы шығармалар цифрлық форматқа көшірілді.

Күнтізбелік жоспардың осы бөліміне сәйкес жоба орындаушылары тарапынан Абай музейі қорында сақталған Шәкәрім Құдайбердіұлының музыкалық мұрасына қатысты тарихи-мәдени және фонологиялық материалдарға кешенді ғылыми сараптама жүргізілді. Жұмыс барысында ақын өмір сүрген кезеңмен сабақтас музыкалық дәстүр, орындаушылық мектеп ерекшеліктері және замандас әнші-жыршылар репертуары салыстырмалы түрде қарастырылып, Шәкәрім әндерінің дәстүрлі қазақ музыкасы жүйесіндегі орны айқындалды.

Абай музейінің қорындағы көне магниттік таспалар (бабина) техникалық тұрғыдан тексеріліп, алдын ала реставрациялық процедуралардан өтті. Жоғары сапалы студиялық құрылғылар арқылы барлық жазбалар сандық форматқа (WAV, FLAC) көшіріліп, әр жазбаға қатысты жеке сипаттамалық паспорттар әзірленді. Цифрланған материалдар орындаушылық ерекшелігі, әуендік құрылымы, мәтіндік нұсқалары, жазылған орны мен уақыты бойынша жүйеленіп, бірыңғай электрондық қор қалыптастырылды.

Сонымен қатар Ұлттық қор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты қорларындағы Шәкәрім әндерінің сақталуы, зерттелуі мен жариялану тарихына қатысты мәліметтер жинақталды. Консерватория қорынан алынған ноталық жазбалар, орындаушылар репертуарынан табылған нұсқалар, экспедициялық материалдар мұражай қорындағы дыбыстық жазбалармен салыстырыла талданды. Әуезов институтының фольклорлық-музыкалық дерекқоры бойынша Шәкәрім әндерінің бұрынғы жарияланымдары, зерттеушілер еңбектеріндегі музыкалық-этнографиялық деректер толық сараланып, ортақ ғылыми базаға енгізілді. Жүргізілген сараптама нәтижесінде Шәкәрім музыкалық мұрасының орындаушылық, мәтіндік және әуендік нұсқалары арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталды. Әндердің ладтық-әуендік құрылымы, поэтикалық мәтіндерінің варианттылығы, орындаушылық дәстүрдегі стильдік ерекшеліктері бойынша талдау жасалып, ғылыми қорытындылар әзірленді. Жиналған материалдар негізінде Шәкәрімнің музыкалық мұрасының сақталу деңгейі мен болашақ цифрлық-реставрациялық жұмыстарына қатысты ұсыныстар дайындалды.

Ғылыми топ

Курмамбаева Карлыгаш Солтанбековна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.

Касымова Асем Аленовна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ,

Білім беру жоғары мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор, PhD.

Смагулова Акмарал Тулеугазиновна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, «Абай және ұлттық руханият» ғылыми орталығының жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты.

Токсамбаева Айман Омаркановна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Саганаева Гульнур Бейсембаевна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.

Секей Жанбота

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.

Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы

«Шәкәрім университеті», университет жанындағы Шәкәрім ғылыми музейінің басшысы және «Шәкәрім» ғылыми-танымдық журналының шығарушы редакторы.

Абдыханова Бактыгуль Айдапкелевна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, PhD.

Токишкадиров Ботабек Бейбитбекович

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының магистрі.

Матыжанов Кенжехан Слямжанович

ҚР БҒМ ҒК «М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» РМҚК директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Елесбай Нұржұма

ҚР БҒМ ҒК «М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» РМҚК, ғылыми қызметкер, педагогика ғылымының магистрі.

Тулебаева Куралай Токтаровна

«Alikhan Bokeikhan university», филология кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Мамырбеков Арафат Мажитович

«Alikhan Bokeikhan university», тарих кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор.

Аймұхамбет Жанат Әскербекқызы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Әубәкір Жандос Мағазбекұлы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Абай акалемиясы» ҒЗИ директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Дауренбекова Лаура Нугайбековна

Е. Құсайынов атындағы Евразия гуманитарлық институтының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Мамынова Бағдан Қатайқызы

«А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының» бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Жусупов Нартай Куандыкович

«Торайғыров университеті» КеАҚ, филология ғылымдарынның докторы, профессор.

Бабижан Баглан Жолдаскызы

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, PhD.

Сагадиев Улан Болатович

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығы» РМКҚ директоры.

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2025-2027
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1

Сол кездегі жобалар

АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»

Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»

Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...

AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»

Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...

AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»

Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...

AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».

Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz