AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»

2025-2027 36 ай SDG #4 SDG #4

Жоба жетекшісі

Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қызметкері.

Өзектілігі

Жоба нәтижелері тек ғылыми зерттеулерде ғана емес, қазақ тарихын жаңаша бағалауда да маңызды рөл атқарады. Эмиграциялық басылымдардың идеялары қазіргі Қазақстанның даму бағытымен үндесіп, тарихи тәжірибені бүгінгі күн талаптарымен салыстыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық деңгейде жоба қазақ халқының тарихын тереңірек түсінуге, эмиграциялық басылымдардың саяси және мәдени ықпалын айқындауға жол ашады. Халықаралық деңгейде оның нәтижелері ұлттық идеялар мен қоғамдық сананың қалыптасуындағы эмиграциялық баспасөздің рөлін танытып, Қазақстанның тарихи зерттеулер саласындағы беделін күшейтеді.

Жалпы алғанда, жоба ұлттық бірегейлікті нығайтып, қоғамдық сананы жетілдіруге, сондай-ақ Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасын әлемге кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Мақсаты

Қазақ эмиграция баспасөзінің генезисін, эволюциясын, хронологиясын кешенді түрде зерттеу арқылы ұлттық интеллектуалды дискурс қалыптастырудағы рөлін анықтау. Эмиграциялық басылымдардың даму траекториясын тарихи контексте талдап, идеялық мазмұнының метаморфозасын көрсету

Күтілетін нәтиже

- 2025 жылға: ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналда 2 мақала жарияланып, қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты «Инфографикалық карта» әзірленеді;

- 2026 жылға: ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналда 2 мақала жарияланып, қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты монография жарық көреді;

- 2027 жылға: ҒЖБССҚК дерекқорына енетін журналда 1 мақала және қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты 1 антология әзірленді.

Қол жеткізілген нәтиже

- Жинақталған материалдарға сараптама жасау негізінде ҒЖБССКК дерекқорына енетін журналда 2 мақала жарияланды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес деректік базалардан қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты ақпараттар жинақталды. Материалдар тақырыптық, мерзімдік, мекендік ерекшелікктеріне байланысты жүйеленді.

1. Saidіrakhman, U., & Akseit, G. (2025, June 20). The ideological struggle of «Yash Turkistan»: An alternative perspective against Soviet propaganda (based on issues No. 1-13). Bulletin of L. N. Gumilyov Eurasian National University. Journalism Series, 2, 176-196. https://doi.org/10.32523/2616-7174-2025-151-2-176-196 2025-06-20 жарияланды.

2. Сәйдірахман, Ұ. (2025). «Яш Түркістан» журналының тілдік, стильдік және дискурстық ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы, (3 (77)), 108-118. https://doi.org/10.26577/HJ202577310 26.09.2025 жарияланды.

- Қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты «Инфографикалық карта» әзірленді. Ғылыми зерттеу тақырыбына сәйкес эмиграциялық әдебиетті зерттеуші ғалым Сағымбай Жұмағұлмен, Мұстафа тұлғасын танушы ғалым Әбдіуақап Қарамен сұқбат жүргізілді. Алынған сұхбаттарға сараптама жұмысы жүргізіліп, сандық-сапалық зерттеу тәсілдері негізінде анализ жасалды. Жинақталған материалдар нәтижесінде ішкі мұқабасында ғылыми жобаның шифры көрсетіліп, суретті инфографикалық кітапша әзірленді.

Сәйдірахман, Ұ. (2025). Босқын ғұмыр – бостан рух. Түркістан тәуелсіздік дискурсы: эмиграция шежіресі (суретті инфографика). Астана: «Mıuqa» баспасы. ISBN 978-601-82290-4-6.

https://drive.google.com/file/d/1XTvEG2i1SCBsQ-k8qzg7yovVBnwGZ00I/view?usp=drive_link

- Эмиграциялық баспасөзге қатысты түрік ғалымдарынан сұхбат алынды. Алынған сұхбат негізінде материал жарияланды.

Сұқбат атауымен сілтемелері:

1. Сталин мен Гитлер екеуі де түркі халықтарын құрбандыққа шалды - Жошкун Кумру (https://www.e-history.kz/kz/news/show/50000782)

2. Мұстафа Шоқай өлім жазасына кесілгендердің қатарында болды - Түлей Көсеұлы

(https://www.e-history.kz/kz/news/show/50000808).

Қазақ эмиграциялық баспасөзіне қатысты Түркияның Стамбул қаласына іс-сапар жүзеге асырылды. Ислам зерттеу орталығында эиграциялық баспасөзге қатысты отандық кітапханаларда жоқ немесе толық сақталмаған төмендегі материалдар жинақталды:

1. "Яш Түркістан" журналының төл нұсқасы (кейінгі біріктірілген көшірме томдары емес);

2. Saray, M. (1984). Türkistan Türkleri: Rus ve Çin idaresinde yaşayan Türklerin millî mücadele tarihleri. İstanbul: Veli Yayınları.

3. Hayit, B. (1997). Basmacılar: Türkistan millî mücadele tarihi (1917-1934). Ankara: Türkiye Diyanet Vakfı Yayınları.

4.Andican, A. A. (2003). Cedidizmden bağımsızlığa: Hariçte Türkistan mücadelesi. İstanbul: Ötüken Neşriyat.

5. Turan, A. Ş. (1979). Türkistan bibliyografyası: (izahlı – ikinci basım). Ankara: Yaş Türkistan Yayını

Ғылыми топ

Ұшқын Сәйдірахманұлы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қызметкері

Аубакирова Карлыгаш Адильхановна

филология ғылымдарының PhD докторы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ «Қазақ филологиясы және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы, әдебиеттанушы-ғалым

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2025-2027
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1

Сол кездегі жобалар

АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»

Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»

Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...

AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»

Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...

AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».

Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...

АР26197931 «Ауыл шаруашылығы объектілерін үздіксіз электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған басқаруы бар жел-күн қондырғысын әзірлеу және зерттеу».

Абильмажинов Ермек Толегенович («Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz