AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»

2025-2027 36 ай SDG #12 SDG #12

Жоба жетекшісі

Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, постдокторант, техника ғылымдарының магистрі

Өзектілігі

Тамақ өнеркәсібінің екіншілік материалдық ресурстарын толық және ұтымды пайдалану мәселесі тамақ өнеркәсібі дамыған барлық елдерде бар және Қазақстан да бұл мәселеден тыс қалған жоқ. Осыған байланысты, еліміздің алдында азық-түлік ассортиментін кеңейту және сүт сарысуы, пахта сияқты екіншілік шикізатты ұтымды пайдалану бойынша өзекті мәселелер тұр.

Бұл жобаның бірегейлігі-екіншілік сүт шикізаттары мен жылқы майын ұлттық сүт өнімі құртты өндіруде қолдану ұсынылады. Бұл жобаның ұлттық ауқымда халықты ұтымды тамақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешудің маңызы зор.

Екіншілік сүт шикізаты мен жылқы майын біріктіріп қолдану жоғары қоректік және емдік қасиеттері бар инновациялық өнімдерге әкелуі мүмкін. Бұл тиімді қоспаларды әзірлеуге және тамақтану сапасын жақсартуға жаңа перспективалар ашады.

Бұл жобаның маңызы зор, өйткені ол сүт өндірісінде жануар майын ұтымды пайдалану саласында зерттеушілердің шектеулі ортасы үшін ғана емес, жалпы ғылыми қоғамдастық үшін де қызығушылық тудырады. Зерттеу нәтижелері ғылыми қоғамдастық арасында шетелдік рецензияланатын басылымдарда, отандық журналдарда жарияланымдар арқылы таратылатын болады. Жүргізілген зерттеулер сүт саласының ғылыми-техникалық дамуын жеделдетуге және жаппай

Мақсаты

Жобаның мақсаты - сүт шикізатының пайдалы қасиеттері мен биологиялық құндылығын сақтай отырып, екіншілік сүт шикізаты-сүт сарысуы мен пахтаны және жылқы майын пайдалану арқылы ұлттық сүт қышқылды «Құрт» өнімінің перспективалы қалдықсыз, инновациялық технологиясын әзірлеу болып табылады.

Күтілетін нәтиже

Екіншілік сүт шикізаты мен жылқы майының негізінде әзірленген сүт қышқылды «Құрт» өнімінің рецептурасы мен технологиясы жасалады.

Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау.

Осы жобаның материалдары бойынша Web of Science дерекқорындағы импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильдегі немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентилі бар журналдарда кемінде 2 (екі) мақала жарияланатын болады.

ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жарияланатын болады.

Екіншілік сүт шикізаты мен жылқы майының негізінде әзірленген ұлттық сүт қышқылды «Құрт» өнімінің жаңа түріне сәйкес нормативті-техникалық құжаттама әзірленеді.

Қол жеткізілген нәтиже

- Екіншілік сүт шикізатынан құрт өнімінің инновациялық технологиясын әзірлеу мәселесі бойынша патенттік-ақпараттық ізденіс жұмыстары жасалды, отандық және шетелдік әдебиеттер талданды, зерттеу бағытын таңдау, жиналған материалдарды өңдеу жүргізілді.

«Құрт» өнімінің технологиясында екіншілік сүт шикізаты мен жануар майын қолдану бойынша әдеби шолу және талдау жүргізіледі.

Екіншілік сүт шикізатынан «Құрт» өнімінің инновациялық технологиясын әзірлеу мәселесі бойынша патенттік-ақпараттық ізденіс жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар аясында отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу әдебиеттеріне терең талдау жасалып, бұрынғы және қазіргі таңда қолданылып жүрген технологиялар салыстырылды. Зерттеу бағытын нақтылау мақсатында қолда бар ғылыми мәліметтер мен патенттер жүйеленіп, олардың негізінде жаңа технологиялық шешімдердің артықшылықтары мен шектеулері анықталды. Сонымен қатар, «Құрт» өнімінің технологиясында екіншілік сүт шикізаты (майсыздандырылған қатық, сарысу, пахта) мен жануар тектес майларды (жылқы майы) қолдану бойынша кең ауқымды әдеби шолу және талдау жүргізілді. Май түрлерінің органолептикалық қасиетке, тағамдық және биологиялық құндылыққа әсері қарастырылды. Бұл мәліметтер негізінде болашақ өнімнің құрамы мен құрылымын оңтайландыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар әзірленеді.

- Екіншілік сүт және май шикізаты таңдалды және негізделді. Зерттеу әдістері мен әдістемелері таңдалды.

Екіншілік сүт және май шикізаты таңдалды және олардың технологиялық, тағамдық, биологиялық құндылығы тұрғысынан қолдану мақсаттылығы ғылыми негізделді. Шикізат ретінде майсыздандырылған қатық, сарысу, пахта және жануар тектес май – жылқы майы алынды. Таңдалған компоненттердің құрамындағы негізгі қоректік заттар, функционалдық қасиеттері мен экологиялық қауіпсіздігі ескерілді. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының бағыттарына сәйкес физика-химиялық, микробиологиялық, органолептикалық, биохимиялық көрсеткіштерді анықтауға арналған заманауи зерттеу әдістері мен әдістемелері таңдалды. Бұл әдістемелер өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін кешенді түрде бағалауға, компоненттер арасындағы өзара әсерді зерттеуге және технологиялық процестің әр кезеңін ғылыми тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді.

- «Құрт» өнімін өндіру үшін шикізат сапасының құрамы мен қасиеттері, физика-химиялық, органолептикалық, құрылымды-механикалық көрсеткіштері, тағамдық және биологиялық құндылығы, микробиологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштеріне зерттелді.

«Құрт» өнімін өндіру үшін шикізат сапасының құрамы мен қасиеттері, физика-химиялық көрсеткіштері, тағамдық және биологиялық құндылығы, микробиологиялық және қауіпсіздік көрсеткіштері «Алматы технологиялық университеті» АҚ-ның Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалауға арналған ғылыми-зерттеу зертханасында зерттелді. Нәтижелері зерттеу протоколдарымен расталды. Органолептикалық, құрылымды-механикалық көрсеткіштері Шәкәрім университеті "Тамақ технологиясы" кафедрасының зертханасында зерттелді.

Ғылыми топ

Жакупбекова Шугыла Кадыровна

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, постдокторант, техника ғылымдарының магистрі

Қалибекқызы Жанар

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2025-2027
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1

Сол кездегі жобалар

АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»

Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»

Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shak...

AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»

Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...

AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».

Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...

АР26197931 «Ауыл шаруашылығы объектілерін үздіксіз электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған басқаруы бар жел-күн қондырғысын әзірлеу және зерттеу».

Абильмажинов Ермек Толегенович («Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz