AP25796807 «Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздары және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу»

2025-2027 36 ай SDG #15 SDG #15

Жоба жетекшісі

Қожаева Айгерім Романқызы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shakarim Lab, Биологиялық және тағам қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі, PhD докторы

Өзектілігі

Гельминттік аурулар үй және жабайы сүтқоректілер арасында кең таралған. Гельминтоздардың арасында ценуроз, мониезиоз, эхинококкоз, ас қорыту жолдарының стронгиляты және т.б. аурулар жануарларға үлкен зиян келтіреді. Биологиялық факторлар патогендік вирустармен, бактериялармен, саңырауқұлақтармен, паразиттік протозоидтармен, гельминттермен, жәндіктермен, кенелермен ұсынылған.

Патогендік агенттер жануарлардың организміне еніп, оның жасушалары мен ағзаларына зақым келтіреді, түрлі аурулардың қоздырғыштарына ашық есік болып табылады.

Гельминтоздық ауруларды жабайы жануарлар популяциясының күйіне әсер ететін фактор ретінде зерттеу экологиялық зерттеулердің бір аспектісі болып табылады.

Жануарлар гельминттерінің, соның ішінде киіктер арасында таралу деңгейі климаттық және жайылымдық жағдайларға, инвазиялық элементтердің сыртқы ортада дамуын және сақталуын қамтамасыз ететін қоршаған орта факторларына байланысты. Киіктерді тәлімбақ жағдайында (питомниктерде) ұстау, әрине, киіктердің гельминт фаунасының қалыптасуы мен таралуына, сондай-ақ осы территорияның биогеоценоздарындағы айналымына әсер етеді.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында қорғау ведомстволарының арқасында киіктердің саны 60 есеге өсті, ел аумағында 2,6 млн. астам киіктер мекендейді.

Осыған байланысты киіктер мен ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жайылымдар мен су көздері үшін бәсекелестік күшейді, киіктердің егістіктерді зақымдауы жиілеуде. Киіктердің тығыздығының артуы түрлі аурулардың өршуін тудырады, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

Көші-қон кезеңінде киіктер ауыл шаруашылығы малының жайылымдарымен бірдей жерлерде жайылады. Дегенмен, киіктер жайылым учаскелерін үнемі ауыстырып отырады. Киіктің және үй малының паразиттерінің қауымдастығы 60-100% құрайды, алайда кейбір паразиттердің бөлігі тек киіктерге тән, мысалы: A.centripunctata, S.ovis және N.gazellae.

Осыған байланысты киіктер ауыл шаруашылығы жануарларын гельминтоздармен жұқтыруда ерекше рөл атқарады. Диагноз қою және жануарлардың өлу себебін анықтау үшін, жануарды жарып сойып, оның ішкі ағзалары мен тіндеріндегі патоморфологиялық өзгерістерді зерттеу басымдыққа ие. Инвазиялық гельминттермен залалданған киіктердің гематологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу ғылым үшін маңызды әрі жаңашыл, өйткені бұл көрсеткіштер жануар организмі жағдайын бағалауға мүмкіндік береді және гельминтоздарға қарсы профилактикалық шараларды әзірлеуде қолданылуы мүмкін.

Мақсаты

Киіктердің гельминтофаунасын зерттеу және киіктердің гельминтоздарына қарсы ветеринариялық профилактикалық шараларды әзірлеу.

Күтілетін нәтиже

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтижелер:

1.Жайық популяциясы киіктерінің гельминтоздарының кейбір клиникалық-патоморфологиялық ерекшеліктері зерттелетін болады;

2.Тәлімбақтағы киіктердің қанының биохимиялық және гематологиялық көрсеткіштері зерттелетін болады;

3. Ұсақ мал мен киіктерге ортақ гельминттердің түрлері анықталады;

4. Тәлімбақтағы киіктердің гельминтофаунасы зерттеледі;

5. Киіктердің гельминтоздарына қарсы препараттарды қолданудың тиімділігін зерттеу;

6. Киіктердің гельминтоздары кезінде ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар әзірленетін болады.

Қол жеткізілген нәтиже

- Жануарлардағы патологиялар мен гельминтологиялар бойынша теориялық-әдіснамалық негіздерді зерделенеді.

Ғылыми жобаны іске асыру барысында бірқатар ұйымдастыру және дайындық жұмыстары атқарылды. Зерттеу объектілерін іріктеу, сынама алу хаттамасын дайындау, зертханалық база мен жабдықтарды даярлау, сондай-ақ зерттеу жүргізудің биоқауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілді.

Жануарлар патологиясын зерттеу саласындағы теориялық және әдіснамалық негіздер егжей-тегжейлі қарастырылып, паразитологиялық диагностика мен патоморфологиялық талдаудың классикалық және заманауи тәсілдері талданды.

Зерттеу шеңберінде патологиялық жарып-сою әдістері, соның ішінде В. Г. Шор әдісі, сондай-ақ К. И. Скрябин ұсынған толық гельминтологиялық зерттеу және толық емес (жекелеген мүшелерді) зерттеу тәсілдері қолданылды. Бұл әдістер жануарлар организміндегі гельминттердің локализациясын, инвазияның таралу деңгейін және патологиялық процестердің сипатын дәл анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, нәжіс сынамаларын зерттеуде флотациялық, Фюллеборн, Дарлинг және Берман әдістері пайдаланылды. Әр әдістің тиімділігі инвазияның түрі мен интенсивтілігіне байланысты бағаланды.

Жоба аясында 40-тан астам ғылыми әдебиеттер талданды, олардың ішінде шамамен 10 отандық дереккөздер бойынша тәжірибелік әдістер мен зерттеу тәсілдері меңгерілді. Бұл материалдар гельминтоздардың эпизоотологиясы, патогенезі және диагностикасы жөніндегі халықаралық және ұлттық тәжірибені салыстыруға мүмкіндік берді.

Жануарларда нематодтар, цестодтар және трематодтар тудыратын зақымданулар кезіндегі патоморфологиялық өзгерістер салыстырмалы түрде зерттелді.

Сонымен қатар, киіктерде (Saiga tatarica tatarica) жиі кездесетін гельминтоздық аурулар бойынша далалық және зертханалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Киіктердің табиғи популяцияларынан және «Aqboken» тәлімбағынан жиналған биоматериалдар негізінде паразиттердің таралу жиілігі, маусымдық ерекшеліктері мен экологиялық факторларға тәуелділігі бағаланды.

Зерттеу нәтижелері киіктер мен басқа шөпқоректі жануарлар арасындағы гельминтоздардың эпизоотологиялық байланысын анықтауға, табиғи ошақтылықты сипаттауға және гельминтоздарға қарсы профилактикалық іс-шараларды ғылыми негізде жоспарлауға мүмкіндік береді.

- Эпизоотиялық зерттеу киіктердің мекендеу ортасында және тәлімбақта жүргізіледі.

Эпизоотологиялық зерттеулер киіктердің табиғи мекендеу ортасында және тәлімбақ жағдайында жүргізілді. Дала жағдайында мекендейтін Орал популяциясына киіктерінен жалпы 100 нәжіс сынамасы жиналды, ал «Aqboken» тәлімбағындағы жартылай ерікті жағдайындағы киіктерден қосымша 50 нәжіс сынамасы алынды. Барлық биоматериалдар санитариялық-гигиеналық талаптарға сай жеке таңбаланып, қолайлы температурада зертханаға жеткізілді.

Зертханалық өңдеу барысында нәжіс үлгілері флотациялық, Фюллеборн, Дарлинг және Берман әдістері бойынша зерттелді. Әр әдіс гельминт жұмыртқалары мен құрттарын анықтаудағы өз тиімділігіне қарай қолданылды: флотациялық әдіс – жалпы гельминт жұмыртқаларын бөлектеу үшін, Фюллеборн және Дарлинг әдістері – төмен концентрациялы инвазияларды табу үшін, ал Берман әдісі – нематодтардың тірі құрттарын анықтау үшін пайдаланылды.

Копрологиялық зерттеу нәтижесінде киіктерде нематодтар және цестодтар класына жататын гельминттердің жұмыртқалары мен құрттары анықталды. Анықталған паразиттердің морфологиялық белгілері бойынша Nematodirus, Strongyloides, Moniezia және т.б. тұқымдастарына тән формалар тіркелді. Табылған гельминттердің таралу жиілігі табиғи мекендеу аймағындағы киіктерде тәлімбақтағы жануарларға қарағанда жоғары болды, бұл дала жағдайында паразиттердің таралуына қолайлы экологиялық факторлардың басымдығымен түсіндіріледі.

Зерттеу нәтижелері киіктердің табиғи және жартылай ерікті ортадағы гельминтоздық фаунасының құрылымын салыстыруға, инвазия ошақтарының маусымдық және кеңістіктік таралуын бағалауға мүмкіндік берді. Алынған деректер киіктердің денсаулығын қорғау және тәлімбақ жағдайында ветеринариялық-санитариялық профилактика шараларын жоспарлау үшін ғылыми негіз болып табылады.

- Эксперименттік зерттеулерді жүргізу үшін жануарлардың бақылау және тәжірибелік топтары құрылады. ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 1 мақала жарияланды.

Эксперименттік зерттеулерді жүргізу үшін жануарлардың бақылау және тәжірибелік топтары «Aqboken» тәлімбағындағы жартылай ерікті жағдайда ұсталатын киіктер арасынан құрылды. Топтарға бөлудің негізгі критерийлері – жынысы, жасы, физиологиялық күйі және сыртқы клиникалық белгілерінің ұқсастығы болып табылды. Барлық жануарлар ветеринариялық тексеруден өткізіліп, инвазиялық және жұқпалы аурулардан ая екендігіне көз жеткізілді.

Дала жағдайында мекендейтін Орал популяциясына киіктерінен барлығы 100 нәжіс сынамасы жиналды. Ал «Aqboken» тәлімбағындағы жартылай ерікті жағдайда ұсталатын киіктерден қосымша 50 нәжіс сынамасы алынды.

Алынған нәтижелер киіктердің гельминтоздық және протозойлық ауруларының эпизоотологиялық жағдайын кешенді түрде бағалауға, сондай-ақ тәлімбақтағы жануарлардың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шараларды әзірлеу үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады.

Kozhayeva A.R., Kushaliyev K.Zh. Pathohistological images of the intestine of Saiga tatarica tatarica associated with Moniezia expansa invasion [Text] / A.R. Kozhayeva, K.Zh. Kushaliyev // Scientific and Practical Journal of Zhangir Khan West Kazakhstan Agrarian-Technical University «Science and Education». – 2025. – № 3–1 (80). – P. 38–46. – DOI: 10.52578/2305-9397-2025-3-1-38-46.

https://ojs.wkau.kz/index.php/gbj/article/view/3030/1683 2025-09-25 жарияланды.

Ғылыми топ

Қожаева Айгерім Романқызы

«Шәкәрім университеті» КеАҚ, Shakarim Lab, Биологиялық және тағам қауіпсіздігі зертханасының меңгерушісі, PhD докторы

Кушалиев Кайсар Жалитович

«Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор

Барлық жобалар

Жоба туралы

Кезең: 2025-2027
Ұзақтығы: 36 ай
Категория: 1

Сол кездегі жобалар

АР27508635 «Қазақстандағы сиыр етін өндірудің бәсекеге қабілеттілігін талдау: АҚШ-та қолданылатын тәсілдермен бірге еттің сапасы, қауіпсіздік стандарттары және қаңқа параметрлерін салыстыру»

Болкенов Бакытжан Тургазыевич, «Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

AP25796649 «Екіншілік сүт шикізатын қолдану арқылы құрт өндірісінің инновациялық технологияларын әзірлеу»

Жакупбекова Шугыла Кадыровна, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, п...

AP25796077 «Қазақ эмиграциялық баспасөзінің интеллектуалды дискурсты қалыптастырудағы рөлі»

Ұшқын Сәйдірахманұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ ғылыми қыз...

AP25794135 «Таза биогаз өндірісінің тиімділігін болжайтын математикалық моделін және аналитикалық жүйесін құрастыру».

Шакерхан Қапан Оралғазыұлы, «Шәкәрім университеті» КеАҚ, Физ...

АР26197931 «Ауыл шаруашылығы объектілерін үздіксіз электр энергиясымен және сумен қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған басқаруы бар жел-күн қондырғысын әзірлеу және зерттеу».

Абильмажинов Ермек Толегенович («Шәкәрім университеті» КеАҚ,...

Байланыс

Ғылыми бөлім:

+7 (7222) 31-31-75

science@shakarim.kz