Мазмұнға өту
Жаңалықтар 27.10.2026 76

Халықаралық жобалау байқауындағы жетістік

Халықаралық жобалау байқауындағы жетістік

15 қазанда «Қазақ Құрылыс және Сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ мен BuildingSMART Kazakhstan бірлесіп ұйымдастырған «Student SMART Cup 2026» халықаралық студенттік байқауы өткен болатын. Халықаралық жобалау байқауына еліміздің сәулет және құрылыс саласындағы жетекші жоғары оқу орындарының командалары қатысты.

Халықаралық тәуелсіз қазылар алқасының бағалау нәтижелері бойынша Шәкәрім университетінің командасы жүлделі II орынды (49,46 балл) еншіледі.

Байқаудың күміс жүлдесін жеңіп алған Шәкәрім университетінің «Құрылыс» білім беру бағдарламасының студенттері – Дастан Дәлелов, Юлия Шмидт және Аида Құсайынова. Команда жетекшісі – «Құрылыс және геодезия» кафедрасының аға оқытушысы З. Бексұлтанова.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі 22 қазанда Алматы қаласында «II buildingSMART Kazakhstan Awards 2026» салалық конференциясы және цифрлық құрылыс саласындағы II Ұлттық сыйлық аясында өтті. Іс-шараға белгілі ірі құрылыс компаниялары мен кәсіпкерлер қауымдастығы қатысты.

Студенттеріміздің бұл жетістігі болашақ құрылыс инженерлерін даярлаудың жоғары деңгейін және олардың құрылыс саласындағы заманауи цифрлық технологияларды меңгеруге дайындығын көрсетеді.

Студенттеріміз бен команда жетекшісін халықаралық деңгейдегі жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Халықаралық жобалау байқауындағы жетістік
Халықаралық жобалау байқауындағы жетістік

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру