«Сөз – ғұмыр» – ұлттық рухты ұлықтаған тағылымды сайыс
Шәкәрім университетінде көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф әрі фольклоршы Зейнолла Сәніктің шығармашылығына арналған «Сөз – ғұмыр» атты республикалық сайыс өтті.
Ұлттық руханиятты насихаттауға бағытталған бұл іс-шара еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас таланттардың басын қосты.
Байқауға еліміздің 15 жетекші жоғары оқу орындарынан білім алушылар қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс білім алушысы Шамиль Несіпбай Бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі І орынды Шәкәрім университетінің 3-курс білім алушысы Мерей Тұрарбек иеленді. Ал ІІ орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс білім алушысы Абзал Балқыбекке бұйырды.
Ал Зейнолла Сәнік атындағы шәкіртақыны Шәкәрім университетінің 3-курс студенті Әлия Нұрмұхаметова иеленді.
«Сөз–ғұмыр» сайысы жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор мүмкіндік берді.