Жаңалықтар 03.03.2026 79

Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде

Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде

Шәкәрім университетіне Өзбекстанның Самарқанд университетінің Нөкіс қаласындағы филиалының ғалымдарының делегациясы арнайы жұмыс сапарымен келді. Әріптестік байланысты нығайтуды көздеген мәртебелі меймандармен Шәкәрім университетінің басқарма мүшесі - интернационалдандыру және инновациялар жөніндегі проректор Ерасыл Дулатбай және ветеринария саласының ғалымдары кездесті.

Кездесу барысында делегация басшысы, биология ғылымдарының кандидаты, Самарқанд университеті Нөкіс филиалының оқу-әдістемелік басқармасының басшысы Құралбай Атаназаров екі оқу ордасының өзара тәжірибе алмасып, мамандар даярлаудағы байланыстың артып келе жатқанына ризашылығын білдірді.

Екіжақты әңгіме арқауы негізінен ауылшаруашылығы, ветеринария саласы бойынша пікір алмасып, алдағы уақытта да жоғары деңгейдегі сапалы білім беруге, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға қатысты өрбіді. Проректор Е. Дулатбай Шәкәрім университетінің әлемнің өзге де алдыңғы қатардағы оқу орындарымен тығыз байланыста екендігін айта келіп, осы орайда тиісті сала бойынша маман даярлауға қызығушылық танытса, Шәкәрім университеті тарапынан қолдау көрсетуге болатындығына тоқталды.

Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде
Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде
Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде
Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде
Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде
Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде
Самарқанд университетінің ғалымдары Шәкәрім төрінде

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру