Жаңалықтар 02.03.2026 157

Шәкәрім университетінде «Абай облысының тарихи-археологиялық мұрасы: алғашқы зерттеу нәтижелері» атты республикалық ғылыми конференция өтті

Шәкәрім университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан BR 24992916 «Абай облысын кешенді тарихи-археологиялық зерттеу» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында Шәкәрім университеті және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ұйымдастыруымен «Абай облысының тарихи-археологиялық мұрасы: алғашқы зерттеу нәтижелері» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

Конференцияның басты мақсаты – Абай облысы аумағында жүргізіліп жатқан кешенді тарихи-археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа таныстыру, жаңа деректерді талқылау және болашақ зерттеу бағыттарын айқындау.

Конференция жұмысына еліміздің жетекші археологтары мен тарихшылары, ғылыми-зерттеу орталықтарының және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Жиын барысында соңғы жылдары жүргізілген далалық және талдамалық зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа ғылыми деректер таныстырылып, археологиялық мұраны зерттеу мен сақтаудың заманауи тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, өңірдің көне және ортағасырлық тарихи кешендерін зерттеудің болашақ бағыттары айқындалды.

Республикалық конференцияны Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков ашып, Абай облысының тарихи-археологиялық әлеуетіне ерекше тоқталды. Өз сөзінде ол өңірдің бай тарихи мұрасы мен ғылыми зерттеулердің маңызын атап өтті.

«Абай облысы – тарихы терең, мәдени қабаттары сан алуан, археологиялық ескерткіштерге аса бай өңір. Соңғы жылдары жүргізілген далалық барлау, қазба және зертханалық-талдамалық жұмыстардың нәтижесінде тың деректер алынып, көне және ортағасырлық кезеңдерге қатысты маңызды ғылыми тұжырымдар жасалуда. Бүгінгі конференция – сол ізденістердің алғашқы қорытындыларын ғылыми қауымдастық назарына ұсынатын маңызды алаң. Аталған ғылыми бастама Шәкәрім университеті мен Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты арасындағы нәтижелі әріптестіктің жарқын үлгісі болып отыр. Бұл – ғылым мен білімнің, тәжірибе мен жас зерттеушілік әлеуеттің тоғысқан тұсы»,- деді Думан Орынбеков.

Конференция барысында ұсынылған баяндамаларда археологиялық нысандарды анықтау, олардың мәдени-хронологиялық ерекшеліктерін саралау, материалдық мәдениет үлгілерін ғылыми тұрғыдан жүйелеу мәселелері бойынша жан-жақты қарастырылды. Зерттеушілер жаңа табылған артефактілердің тарихи маңызына тоқталып, олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы рөліне басымдық берді.

Бағдарлама аясында археологиялық материалдарды ғылыми айналымға енгізу мәселелері бойынша талқылаулар жүргізілді. Сондай-ақ, Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Зейнолла Самашұлының «Қазақ Алтайының ежелгі тұрғындарының бейнелеу өнері»; Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының этноархеология зерттеу тобының жетекшісі Орынбай Ошановтың «Қазақтың шаруашылық күнтізбесі – даланың мәдени құбылысы»; ҚХР, Нанкин университетінің тарих факультеті кафедрасының оқытушысы Бақыт Еженханұлының екі томдық «Абылай хан дәуіріндегі Қазақ-Цин қарым-қатынастары» атты тарихи-танымдық кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Республикалық конференция Абай облысының тарихи-археологиялық мұрасын жүйелі зерттеуге серпін беріп, ғылыми нәтижелерді кеңінен таратуға мүмкіндік жасады. Іс-шара барысында қалыптасқан ғылыми пікірталастар мен ұсыныстар алдағы зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарын айқындауға ықпал етті.

Шәкәрім университетінде өткен республикалық ғылыми конференция ғылыми қауымдастықтың өзара байланысын нығайтып, Абай облысының тарихи мұрасын жаңа ғылыми тұрғыдан зерделеуге жол ашқан маңызды алаңға айналды. Бұл бастама өңірлік зерттеулердің жаңа кезеңін қалыптастырып, Қазақстан археологиясының дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру