Жаңалықтар 30.04.2026 19

Республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді!

Республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді!

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен XVIII Республикалық пәндік олимпиада өз мәресіне жетті.

Аталған білім сайысында Шәкәрім университетінің «Құрылыс және геодезия» кафедрасының «Триангуляция» командасы «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасы бойынша командалық есепте жүлделі II орынға ие болды.

Олимпиада барысында студенттер өздерінің жоғары теориялық дайындығын, кәсіби біліктілігін және заманауи геодезиялық әдістерді тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетті. Бұл жетістік – университетіміздегі білім сапасының жоғары деңгейін және студенттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын маңызды көрсеткіш.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруларына тілектеспіз!

Республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді!
Республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді!
Республикалық олимпиадада жүлделі орын иеленді!

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру