Жаңалықтар 12.12.2023 175

Мамандығым – мақтанышым

Мамандығым – мақтанышым

Шәкәрім атындағы №5 көпбейінді гимназиясында «Мамандығым – мақтанышым» атты кәсіби бағдар беру кездесуі аясында Тарих және құқық кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистратура мен бакалавриат білім алушылары 9-10 сынып оқушыларымен жүздесті.

Кездесу барысында оқушыларға тарих мамандығының қыр-сыры кеңінен таныстырылып, болашақта қандай маман иесі бола алатыны, археологиялық қазба жұмыстарына қатысу мүмкіндіктері, халықаралық тәжірибе алмасу бағдарламалары және студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шараға кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Абенова Г.А., тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ахметова Р.Д., оқытушы Даутова А.Ф. қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, білім алушылар оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында мамандықтың ерекшеліктерін нақты мысалдар арқылы түсіндірді.

Кездесу аясында магистранттар, студенттер және мектеп оқушылары арасында « Saqa » атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылып, қатысушылардың білімдері сынға түсіп, ерекше белсенділік байқалды.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етіп, олардың тарих ғылымына деген қызығушылығын арттыра түседі.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру