Жаңалықтар 06.02.2026 76

Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды

Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды

Бүгін Шәкәрім университетінде «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Жәнібекұлы Бибосиновтың қатысуымен«Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстары аясында ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері» тақырыбында семинар өтті.

Семинар жұмысына Шәкәрім университетінің, Әлихан Бөкейхан университетінің және Семей медицина университетінің ғалымдары қатысты.

Іс-шараның ашылуында Шәкәрім университетінің ректоры Думан Орынбеков қонақты таныстырып, мұндай семинарлардың ғылыми қауымдастық үшін маңыздылығын атап өтті.

Асылхан Жәнібекұлы өз баяндамасында мынадай мәселелерге жан-жақты тоқталды:

гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарының қалыптасу және өткізілу тәртібі; ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру конкурстарының ерекшеліктері; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік есепке алу және олардың орындалуы бойынша есептер; «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өтінімдерді рәсімдеу және тапсыру кезіндегі жиі кездесетін мәселелер; конкурстық құжаттама талаптарына күтілетін нәтижелердің сәйкестігі т.б. Сонымен қатар, Ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыру департаментінің (ДОРННС) негізгі міндеттері мен ғылыми саладағы нормативтік-құқықтық актілермен де таныстырып өтті.

Басқарма төрағасы орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – ғылыми қауымдастықты жүйелі түрде оқыту екенін атап өтті. Бұл оқыту, ең алдымен, университеттер мен ғылыми ұйымдарда ғылымды ұйымдастыруға жауапты тұлғаларға бағытталған. Сонымен қатар, конкурсқа тікелей өтінім беретін зерттеушілер үшін де бұл ақпараттың маңызы зор.

Семинар ғылыми жобаларға өтінім беру сапасын арттыруға, конкурс процедураларын терең түсінуге және халықаралық сараптамадан жоғары балл алуға бағытталған маңызды практикалық алаң болды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алып, ғылыми қызметті тиімді ұйымдастыру бойынша пайдалы ұсынымдарға қанықты.

Сонымен қатар, Асылхан Бибосинов Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына, рухани мұрасына қатысты құнды деректер қойылған Шәкәрім музейімен танысты. Музей басшысы Тұрдықұл Шаңбай музей экспозицияларымен таныстырып, ғұлама ойшылдың бай мұрасы жайлы терең мағлұмат берді.

Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды
Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды
Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды
Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды
Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды
Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды
Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды
Ғылыми жобаларға өтінім берудің әдістемелік негіздері талқыланды

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру