Жаңалықтар 22.03.2026 82

Мұқағали ауылындағы ерекше мереке

Мұқағали ауылындағы ерекше мереке

«Digital Nauryz – 2026» жобасы аясындағы «Наурызнама» онкүндігіндегі орны ерекше күн – Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы Семей қаласының орталық алаңында кең көлемде аталып өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұйымдастырылған мерекелік бағдарлама мазмұнға бай, көрініске әсерлі болды. Ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы безендірулер мен әсем әуендер мерекенің рухын асқақтатты.

Қалалық бағдарлама аясында Шәкәрім университеті белсенді түрде өнер көрсетіп, өз алаңын ұсынды. Университет ұйымдастырған «Мұқағали ауылы» этно-кеңістігі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Мұнда халқымыздың тәрбиелік мәні зор дәстүрлерінің бірі – тұсаукесер рәсімі сахналанып, ұлттық құндылықтардың маңызы кеңінен насихатталды.

Рәсім барысында ақ бесіктен жаңа шығып, қаз-қаз басып келе жатқан сәбидің тұсауын университет ректоры Думан Орынбеков кесіп, балаға ақ жол мен жарқын болашақ тіледі. Жиналған қауым ізгі ниеттерін білдіріп, қуанышқа ортақтасты.

Мерекелік іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли арнайы қатысып, ұлттық дәстүр мен заманауи бастамалардың үйлесімін жоғары бағалады. Бұл – өңірде рухани құндылықтарға деген ерекше көңіл бөлінетінінің айқын көрінісі болды.

Сонымен қатар, Digital Nauryz форматында ұйымдастырылған заманауи алаңда қонақтарды Мұқағали Мақатаевтің цифрлық аватары қарсы алды. Цифрлық технология мен рухани мұраның үйлесуі мерекеге тың серпін беріп, келушілерге ерекше әсер сыйлады.

Ұлттық дәстүр мен инновация тоғысқан бұл мереке – тек бір күндік шара емес, ұлт мәдениетінің үздіксіз дамып келе жатқанын көрсететін маңызды алаңға айналды.

Бұл көрініс бір ғана отбасының қуанышы емес, ұлт руханиятының жаңғырып, салт-дәстүрдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанын дәлелдейтін тағылымды сәт болды.

Осындай бастамалар арқылы Шәкәрім университеті ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың бойына рухани тәрбие сіңіру жолында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.

Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке
Мұқағали ауылындағы ерекше мереке

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру