Ғылыми еңбектің жоғары бағасы
Биология ғылымдарының кандидаты, Басқарма мүшесі – ғылым жөніндегі проректор Жанар Қалибекқызына 21204 – «Азық-түлік технологиялары» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2026 жылғы 27 тамыздағы №629 бұйрығына сәйкес берілген бұл ғылыми атақ – Жанар Қалибекқызының мамандығына деген адалдығы мен ғылым жолындағы көп жылғы табанды еңбегінің, отандық азық-түлік ғылымын дамытуға қосқан елеулі үлесінің және ел үшін маңызды осы салаға білікті мамандар даярлауға сіңірген еңбегінің лайықты бағасы.
Құрметті Жанар Қалибекқызы!
Сізді профессор ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мәртебе – Сіздің ғылыми ізденістеріңіз бен кәсіби біліміңіздің, көп жылғы қажырлы еңбегіңіздің жоғары бағасы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз, сапалы әрі бәсекеге қабілетті азық-түлік өндіру технологияларын жетілдіруге қосқан айрықша үлесіңіздің мойындалуы.
Ізденіске толы ғылыми еңбегіңіз Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттермен тікелей сабақтас.
Ғылыми зерттеуді білім берумен, жас ғалымдарға тәлімгерлік етумен және азық-түлік технологиялары саласында жаңа шешімдер іздеумен ұштастырып келе жатқан еңбегіңіз алдағы уақытта да толайым нәтижелерге бастасын.
Мол тәжірибеңіз бен ғылыми ізденісіңіз азық-түлік ғылымына бет бұрған жас ғалымдарға әрдайым үлгі болғай.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, толағай табыс тілейміз!