Жаңалықтар 26.12.2025 412

Ғалым еңбегіне көрсетілген құрмет

Ғалым еңбегіне көрсетілген құрмет

Шәкәрім университетінің ұжымы тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Қарпықұлы Кәрімовті «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен құттықтайды.

Бұл жоғары марапат – Сіздің отандық тарих ғылымын дамыту жолындағы көпжылдық қажырлы еңбегіңіздің, ғылыми-зерттеу қызметіндегі табанды ізденістеріңіздің, сондай-ақ жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге қосқан сүбелі үлесіңіздің лайықты жемісі.

Мұхтарбек Қарпықұлы – өңір тарихын кешенді түрде зерттеуге, Абай өлкесінің тарихи-мәдени мұрасын ғылыми тұрғыдан зерделеуге елеулі үлес қосқан білікті ғалым. Ол – өзінің, ғылыми еңбектері мен тағылымды дәрістері арқылы студенттер мен жас зерттеушілерге бағыт-бағдар беріп, тарих ғылымында өзіндік мектебін қалыптастырған ұстаз.

Ғалымның ғылыми еңбектері республикалық және халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, отандық тарихнама қорын жаңа деректермен толықтырды. Сонымен қатар, ол университеттің қоғамдық-ғылыми өміріне белсене араласып, білім мен ғылымның дамуына аянбай қызмет етіп келеді.

Құрметті Мұхтарбек Қарпықұлы!

Сізге алдағы уақытта да ғылыми ізденістеріңізге толағай табыс, шығармашылық шабыт, ұзақ ғұмыр тілейміз. Еңбегіңіз ел игілігіне жарай берсін!

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру