Жаңалықтар 03.02.2026 358

«Еңбек ер атандырады» тақырыбында ашық пікірталас өтті

«Еңбек ер атандырады» тақырыбында ашық пікірталас өтті

Шәкәрім университетінің кітапханасының ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылын» қорытындылау аясында «Еңбек ер атандырады» атты диспут форматындағы ашық пікірталас өтті.

Пікірталастың негізгі мақсаты – білім алушылардың сыни ойлау қабілетін, пікір білдіру мәдениетін дамыту, сонымен қатар еңбекке деген құрметті қалыптастыру болды. Ашық алаң білім алушыларға өз ойларын еркін жеткізуге, әртүрлі көзқарастарды талқылауға мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында қатысушылар еңбек адамның өміріндегі рөлі мен мәні, кәсіби дағдыларды дамыту жолдары, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы маңызы туралы өз пікірлерін білдірді. Білім алушылар нақты мысалдар мен жеке тәжірибелер арқылы еңбек туралы түсініктерін ортаға салды. Белсенді пікірталас барысында әр қатысушы өз көзқарасын жеткізіп, қарсы пікірлерге аргументтер келтірді.

Диспут форматы білім алушыларға тек сөзге ғана емес, сонымен қатар логикалық ойлау және талдау қабілеттерін дамытуға жағдай жасады. Қатысушылар еңбек этикасының маңызды қырларын, жауапкершіліктің адам өміріндегі орнын, сондай-ақ, түрлі мамандықтар мен кәсіптердің қоғамдағы маңызын талқылады.

Іс-шара соңында білім алушылар өз алған әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі пікірталастың білім мен тәжірибені біріктіретін форматта өтуін атап, ашық алаңның пайдалы әрі қызықты болғанын айтты. Осындай іс-шаралар жастардың өз ойларын ашық айтуға, кәсіби және әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

Шәкәрім университетінің кітапханасы өткізген «Еңбек ер атандырады» ашық пікірталасы білім алушылардың еңбекке, кәсіби дамуға және қоғамға пайдалы қызмет етуге деген көзқарасын нығайта отырып, студенттік ортада сыни ойлау мен диалог мәдениетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру