Жаңалықтар 13.03.2026 74

Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады

Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады

Шәкәрім университетінде І курс студенттері арасында спорттық біріншілік ұйымдастырылды. Жарысқа университеттің Жоғары және Зерттеу мектептері мен Шәкәрім жоғары колледжінің білім алушылары қатысты.

Спорттық додаға қатысқан 9 команда стритбол, волейбол (микс форматта), тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және суда жүзу эстафетасы сияқты спорт түрлерінен бақ сынасты.

Волейбол ойынында Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебі І орынды иеленсе, Шәкәрім жоғары колледжі ІІ орынды еншіледі. Ал STEM-білім беру жоғары мектебі ІІІ орынға қол жеткізді.

Суда жүзу эстафетасында ұлдар арасында Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебі жеңімпаз атанды. Екінші орынды Физика және химия ғылымдары зерттеу мектебі, ал үшінші орынды Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі иеленді. Қыздар арасында өткен эстафетада Шәкәрім жоғары колледжі бірінші орын алып, Білім беру жоғары мектебі екінші орынға жайғасты. Үшінші орынды Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі иеленді.

Үстел теннисінен қыздар арасында Білім беру жоғары мектебі жеңіске жетті. Екінші орынды Спорт және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі, ал үшінші орынды Ветеринария және ауыл шаруашылығы жоғары мектебі иеленді. Ұлдар арасында да Білім беру жоғары мектебінің командасы бірінші орын алды. Екінші орын Спорт және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебіне, үшінші орын Физика және химия ғылымдарының жоғары мектебіне бұйырды.

Тоғызқұмалақтан ұлдар арасында Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі бірінші орын алды. STEM-білім беру жоғары мектебі екінші орынға ие болса, Бизнес және коммуникация жоғары мектебі үшінші орынды қанағат тұтты. Қыздар арасында Бизнес және коммуникация жоғары мектебі жеңімпаз атанып, Білім беру жоғары мектебі екінші орынды, Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі үшінші орынды иеленді.

Шахматтан ұлдар арасында STEM-білім беру жоғары мектебі үздік атанды. Екінші орынды Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебі, үшінші орынды Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі иеленді. Қыздар арасында да STEM-білім беру жоғары мектебі бірінші орын алып, Білім беру жоғары мектебі екінші орынға, Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі үшінші орынға жайғасты.

Стритбол 3×3 бойынша ұлдар арасында Спорт және жаратылыстану ғылымдарының жоғары мектебі бірінші орынды жеңіп алды. STEM-білім беру жоғары мектебі екінші орынға ие болып, Білім беру жоғары мектебі үшінші орын алды. Қыздар арасында Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебі жеңімпаз атанса, Білім беру жоғары мектебі екінші орынға, Цифрлық технологиялар және құрылыс жоғары мектебі үшінші орынға тұрақтады.

Жарыс барысында студенттер өзара ұйымшылдық пен спорттық шеберліктерін көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға үлес қосты.

Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады
Бірінші курс студенттері спортта бақ сынады

Пікірлер (0)

Пікір қалдыру